• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 12:25

Әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері ауысты

20 рет
көрсетілді

Күрес федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері қызметіне Нұрсұлтан Теміров тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Нұрсұлтан Теміров 2014 жылдан бері жаттықтырушы қызметін атқарып келеді. Ол әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасы мен ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Үш жыл бойы әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болып еңбек еткен.

Сондай-ақ жаңа бас бапкер әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенова және тағы басқа балуандарды тәрбиелеген.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сағадиев атқарды.

Бұған дейін еркін күрестен ел құрамасының бас бапкері болып Данияр Қайсанов тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар