• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Кеше

ҚХП аймақтарда жаңа Конституция жобасын талқылауды жандандырды

40 рет
көрсетілді

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституция жобасын халық арасында түсіндіру және талқылау жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Партияның аймақтық филиалдары маңызды кездесулер мен «дөңгелек үстелдер» өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Павлодар облыстық Достық үйінде өткен жиынға ҚХП филиалы төрағасының міндетін атқарушы Әлімбек Ағыбаев қатысты.

Облыс әкімі Асайын Байханов құжат азаматтардың, партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылардың пікірлерін ескере отырып әзірленгенін, барлығы 2 000-нан астам ұсыныс келіп түскенін атап өтті. 

Вице-президент және Халық кеңесі: Жаңа Ата Заң жобасы Варшавада таныстырылды

Сонымен қатар реформаның тарихи маңыздылығы мен әрбір азамат үшін практикалық мәнінің зор екені айтылды. ҚХП мүшелері Конституцияның жобасын толық қолдайтындарын және оны түсіндіру мен қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.

«Жаңа Конституцияның жобасы құқық пен бостандық аясын кеңейтеді, заң үстемдігін нығайтады, саяси жүйені жаңғыртады және алғаш рет «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының құндылықтары мен «Заң мен тәртіп» қағидатын бекітеді», деп мәлімдеді талқылауға қатысушылар.

Тараз қаласында өткен кездесуде ҚХП Жамбыл облыстық филиалының өкілдері мен мәслихат депутаттары бас қосты. Филиал төрағасының орынбасары Болатбек Көлтаев пен филиал төрағасының міндетін атқарушы Рахман Аққозиев құжаттың негізгі тармақтарын түсіндірді.

«БАЙТАҚ» партиясы «Экология және адам денсаулығы» ұғымын мемлекеттің базалық құндылығы ретінде бекітуді ұсынды

Жиында Тараз қалалық мәслихатының депутаттары Елдос Далабай мен Азамат Лесбек спикер ретінде сөз сөйледі. Олар жобаға енгізілген өзгерістерге тоқталып, негізгі баптарға түсініктеме берді. Талқылауға партия белсенділері қатысты.

«Қатысушылар талқыланған мәселенің маңыздылығын түсінді. ҚР Конституциясын қабылдауға деген қызығушылық Ата заңымызды жаңарту уақыт талабы екенін көрсетті. Қазақстан халқы оң өзгеріс күтіп отыр», деп атап өтті іс-шараның ұйымдастырушылары.

Осыған ұқсас кездесу ҚХП-ның Шымкент қалалық филиалында өтті. Кездесу барысында партия белсенділеріне Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, партияның ұстанымы мен көзқарасы таныстырылды. Сонымен қатар конституциялық өзгерісті іске асырудағы қоғамдық-саяси институттардың рөлі талқыланды.

«Мұндай кездесулер партия активінің құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді», деп түйіндеді партия өкілдері.

Соңғы жаңалықтар