• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:45

Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді

20 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі болашақ амнистияға ілінуі мүмкін азаматтар санатын және керісінше қамтылмайтын топтарды жариялады. Сонымен қатар әкімшілік амнистия енгізу мәселесі де қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

ІІМ өкілі Санжар Әділовтің айтуынша, қазір ведомствоаралық жұмыс тобы қылмыстық амнистияның алдын ала жобасын дайындаған. Ең алдымен жеңіл және орташа ауыр қылмыс жасаған адамдарға жеңілдік берілуі мүмкін.

Амнистия мына санаттарға қатысты болуы ықтимал:

қылмыстық теріс қылық жасағандар; жеңіл қылмысқа айыпталғандар; залал келтірмеген орташа ауыр қылмыс жасағандар; жазасының соңғы бір жылын өтеп жатқан сотталғандар.

Сонымен қатар кейбір ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері бойынша жазаны қысқарту (шамамен қалған мерзімнің бестен бір бөлігіне дейін) ұсынылып отыр.

Қазақстанда амнистия аясында 2 мыңнан астам адам бостандыққа шықты

Алайда амнистия келесі қылмыстарға қолданылмайды:

экстремизм және терроризм; азаптау; сыбайлас жемқорлық қылмыстары; кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстар; сырттай шығарылған үкімдер.

Сондай-ақ тәртіптік жағдайы теріс деп бағаланған сотталғандар да амнистияға ілігуі шектелуі мүмкін.

Әкімшілік амнистия бойынша да жұмыс жүріп жатыр. Қазір 15 мемлекеттік орган өз ұсыныстарын жіберген. Айыппұлдарды, соның ішінде жол ережесін бұзу айыппұлдарын алып тастау мәселесі әзірге нақты шешілген жоқ – түпкілікті шешім Парламентте қабылданады.

Соңғы жаңалықтар