Астана қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты түстен кейін оқитын бастауыш сынып оқушыларын қашықтан оқу форматына ауыстырды, деп жазады Egemen.kz.
«2026 жылғы 12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0–4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген басқарма таратқан хабарламада.
Айта кетейік өткен түнде Астанаға қалың қар түсіп, түнде қала аумағынан 18 мың текше метр қар қоқыс алаңдарына шығарылған.
Ал «Қазгидромет» РМК бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсетінін хабарлады.