• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 17:46

Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады

20 рет
көрсетілді

Жаз айларында еліміздің бірқатар өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, негізгі астық егетін өңірлер – Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары – топырақтың метрлік қабатында ылғал қоры жеткілікті деңгейде. Ал Ақтөбе, Павлодар және Қарағанды облыстарында жағдай қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. 

«Жалпы мамыр айында ауа райы егін егу жұмыстарын жүргізуге қолайлы болады. Орталық және оңтүстік-батыс аймақтарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде жауын-шашын нормаға жақын болады деп күтілуде. Маусым мен шілде айында ел аумағының басым бөлігінде температура нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанып отыр», деді Е.Нысанбаев.

Таза су тапшылығы қашан жойылады?

Министрдің айтуынша, шілдеде шығыс өңірлерде жауын-шашын көбейсе, батыста керісінше азаюы ықтимал.

«Ақтөбе және Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында жергілікті құрғақшылық белгілері байқалуы ықтимал», деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңтүстік өңірлерде суды пайдалану лимиттері қысқарғанын атап өткен болатын.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар