• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 19:45

Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды

20 рет
көрсетілді

Жетісу облысының Қаратал ауданында полиция қызметкеріне қол көтерген жергілікті тұрғын екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға 102 нөміріне түскен шақыртудан кейін болған. Учаскелік инспектор оқиға орнына барған кезде ер адам полиция қызметкеріне агрессия танытқан. Ол тәртіп сақшысының бетінен бірнеше рет шапалақпен ұрып, қызметтік бейнежетонын жұлып алып, погондарын бүлдірген.

Прокуратура мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы сотта күдіктінің кінәсін толық дәлелдеген. Нәтижесінде сот оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылып, мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық өндірілді.

Прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы жасалған кез келген заңсыз әрекет қатаң жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жетісу облысында жергілікті блогер Данияр Бейісқали қоқыстан табылған елтаңбаны үйіне іліп қойғаны үшін жазаланған еді.   Ал елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаға тартылды. 
Соңғы жаңалықтар