• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:35

Алматыдағы бір пәтердің бағасына Ақтөбеден екі үй алуға болады: Өңірлердегі баға айырмашылығы

30 рет
көрсетілді

Қазақстандағы бастапқы тұрғын үй нарығында баға айтарлықтай өзгерген жоқ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуір айында ел бойынша жаңа пәтерлер бағасы наурызбен салыстырғанда орта есеппен 0.6% өсті. Ал жыл басынан бері өсім 4.4% болды, деп жазады Egemen.kz.

Сәуірде жаңа тұрғын үй бағасы ең көп өскен қалалар қатарында Ақтөбе (3%), Түркістан (2.9%), Көкшетау (2.3%) және Алматы (1.5%) бар. Астана мен Шымкентте баға өзгеріссіз қалды. Ал Ақтау мен Оралда баға 0.3% төмендеген.

Наурызда екінші нарықтағы пәтер бағасы қымбаттады

Ел бойынша жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің орташа құны 615 933 теңгеге жетті.

Ең қымбат баспана:

Алматы – 733 375 теңге; Астана – 731 990 теңге; Атырау – 537 968 теңге.

Ең арзан баспана:

Орал – 325 231 теңге; Ақтөбе – 356 454 теңге; Көкшетау – 358 868 теңге.

Сарапшылардың есебінше, Алматы немесе Астанадағы бір пәтердің бағасына Орал мен Ақтөбеден екі пәтер сатып алуға болады.

Жыл басынан бері баға ең көп өскен қалалар:

Ақтөбе – 8.8%; Алматы – 6.2%; Көкшетау – 5.1%; Астана – 4.6%.

Ал соңғы бір жылда Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлер орта есеппен 15.1% қымбаттаған.

Жылдық өсім бойынша көш бастағандар:

Ақтөбе – 23.1%; Алматы – 18%; Астана – 17.7%.

2020 жылдың соңынан бері елдегі жаңа тұрғын үйлер бағасы орта есеппен 73.3% өсті. Ең жоғары өсім Ақтөбе (97.5%) мен Астанада (91.3%) тіркелген.

Пәтер сатып алған қаншалықты тиімді?

Соңғы жаңалықтар