• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Басылым 24 Желтоқсан, 2025

Батыр туралы 10 томдық

150 рет
көрсетілді

Аты аңызға айналған қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының туғанына бүгін 115 жыл толды. Осы қарсаңда қаһарман тұлға туралы 10 томдық еңбек жарық көрді. Кітаптың авторы – белгілі жазушы, профессор Мамытбек Қалдыбай.

Бауыржан Момышұлы соғыстың алғашқы кезінің өзін­де-ақ Александр Бектің әйгілі «Волоколамское шоссе» атты кітабының басты кейіп­керіне айналып, әлем жұртына кеңінен танылды. Оның қолбасшылық қабілеті мен әскери тәсілі әлемдік соғыс өнеріне «Момышұлы спиралі» деген атаумен енді. Тіпті АҚШ, Куба, Израиль және Никарагуаның әскери академиялары Бауыржан Мо­мыш­­ұлының соғыс кезіндегі тәжірибесін зерттеп, оны стратегиялық және тактикалық оқу құралы ретінде пайдаланды.

Бауыржан Момышұлы әс­кери қызметтен соң да ерлік көрсетті, жазушылықпен ай­­на­лысты. «Офицер күн­делігі», «Бір түннің тарихы», «Москва үшін шайқас», «Гене­рал Панфилов», «Ел басына күн туса» секілді талғампаз оқыр­­манның көңілінен шық­қан көптеген кітап пен әскери естелік жазды. Ақтық де­міне дейін қайсарлық танытты, жас­­­тарды отаншылдыққа, ұлт­­­жандылыққа тәрбиеледі.

Батыр туралы 10 том­дық кітаптың авторы Мамыт­бек Қалдыбай жиырма жылдан астам Бауыр­жан Момыш­ұлымен қоян-қолтық араласып, оның сұ­рапыл соғыс пен даңқты қолбасшылар, атақ­ты замандас­тары жөнін­дегі әңгімелерін жалық­пай тың­дады. Ерекше мінез-құлқына терең үңіліп, жұртқа беймәлім сырларын көңіліне түйіп, талай рет батыр­­дың тапқырлығы мен шешен­дігінің, елдік намысты алқалаған турашылдығының, өмірдің әр құбылысынан жаңа ой түйе білетіндігінің куәсі болды.

Соның нәтижесінде Ма­мытбек Қалдыбайдың көп­­томдығындағы Бауыр­жан Мо­­мышұлы баяндаған К.Ро­ко­­совский, Г.Жуков, А.Васи­­левский, И.Баграмян, И.Пан­­фи­лов, И.Чис­тяков, А.Фа­деев, Л.Собо­лев А.Тол­стой, М.Әуе­зов, С.Мұ­қа­нов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұс­тафин, А.Жұбанов, Қ.Сәт­­баев, А.Панкратова, Е.Бек­маха­нов тәрізді тұлғалар туралы әңгімелері тың деректерге бай, тартымды, рухани тәр­бие­лік мәні өте терең. Қаһарман өмірінен сыр шертетін 10 томдық жинақ «Бека­сыл әулие» жеке қорының демеу­шілігімен Алматыдағы «Керулен Принт» баспаханасынан жарық көрді.

 

Ержан ИСАҚҰЛОВ,

генерал-майор, Жазушылар одағының мүшесі

Соңғы жаңалықтар