Еліміздегі көлік паркін жаңарту бағытында биыл 9 жаңа жолаушылар ұшағын сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің сөзінше, биылғы жылы 11 мың шақырым автомобиль жолына құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, теміржол саласында «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты – Қызылжар» жаңа желілерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл желінің өткізу қабілетін арттырып, елдің транзиттік әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік бермек.
SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?
Сонымен қатар, көлік паркін жаңартуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағытта 2026 жылы 9 әуе кемесін сатып алу жоспарланған. Жыл басынан бері 3 ұшақ алынды: Air Astana – 1, SCAT Airlines – 2.
Енді Катонқарағайға ұшақпен жетесіз
Бұдан бөлек биыл жүк тасымалы саласында жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстарына ден қойылып отыр. Аталған шараларды іске асыру көлік саласының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
Нұрболат АМАНБЕК