Бүгін, 15 сәуірде Бішкек қаласында Қырғыз футбол одағының конгресі өтіп жатыр. Жиын барысында Одақ президенті Қамшыбек Тәшиев өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Конгресс барысында Тәшиев сөзін әзіл араластыра бастап, залда отырған делегаттардың өзіне таңырқап қарауы мүмкін екенін атап өтті.
Жемқорлыққа қатысы бар: Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің ағасы ұсталды
«Біз сіздермен көптен бері көріспедік, «бұл қайдан пайда болды» деп таңғалып отырған шығарсыздар. Мен сіздермен бірге атқарылған жұмыстарымыз бойынша есеп бергім келеді», деді Тәшиев.Қамшыбек Тәшиев екі бірдей іс бойынша куәгер ретінде жауап беріп жатыр
Айта кетейік, Қамшыбек Тәшиев 2024 жылы Қырғыз футбол одағының президенті болып сайланған. Бүгін ол ҰҚМК басшысы қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет ресми іс-шарада сөз сөйледі.