• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:37

Олжас Құспеков: Шлагбаумдар мен ретсіз автотұрақ адам өліміне себеп болып жатыр

40 рет
көрсетілді

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Олжас Құспеков депутаттық сауал жолдап, төтенше қызметтердің оқиға орындарына дер кезінде жетуін қамтамасыз етудегі жүйелі олқылықтар мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам белсендісінің сөзінше, төтенше қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін қазіргі бақылау және ұйымдастыру тетіктері тиімсіз жұмыс істейтіндіктен шұғыл түрде қайта қарауды қажет етеді.

«Бүгінде біз әр секунд шешуші рөл атқаратын жағдайға тап болып отырмыз. Алайда сол қымбат уақыт жабық аулалар, көлікке толы тұрақтар мен қарапайым тәртіптің жоқтығы салдарынан жоғалып жатыр. Бұл енді жекелеген жағдай емес – бұл жүйелі мәселе», деді Олжас Құспеков.

Елімізде тіркелген өрт оқиғаларының шамамен 62 пайызы тұрғын үй секторына тиесілі екендігін атап өткен ол аталған мәселе адам көп жиналатын нысандарға да қатысты екендігін жеткізді. 

Көлік көп, орын аз: Автотұрақ мәселесі қалай реттеледі?

«Мәселе тек тұрғын үй кешендеріне ғана емес, жеке секторға, коммерциялық нысандарға, әлеуметтік мекемелерге және адамдар көп жиналатын басқа да орындарға қатысты. Жабық өткелдер, істен шыққан гидранттар, өртке қарсы жабдықтардың болмауы және басқарушы ұйымдардың формалды бақылауы – мұның бәрі адам өміріне тікелей қауіп төндіреді», деген қоғам белсендісі депутаттық сауал аясында нақты ұсыныстар жолдады. 

Астанадағы автотұрақтар толығымен қала меншігіне өтті

Нұрболат АМАНБЕК

 

 

Соңғы жаңалықтар