• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 11:43

DeepBas: Құрғақшылыққа қарсы жаңа технология енгізіледі

30 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевпен кездесті. Кездесуде тараптар су ресурстарын басқарудың интеграцияланған DeepBas жүйесін енгізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жоба су балансын болжау дәлдігін арттыруға, ресурстарды бөлуді оңтайландыруға, құрғақшылық пен су тасқынына байланысты тәуекелдерді уақтылы анықтауға және алдын алуға бағытталған. Жүйе әртүрлі көздерден алынған деректерді біріктіруге және басқарудың негізделген шешімдерін қабылдауға арналған.

Еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық қаупі бар? Министр жауап берді

«Алдымызда тұрған межелі мақсаттарға қол жеткізу озық халықаралық тәжірибені, үздік практикалар мен технологияларды зерделеуді қажет етеді. Сондықтан ҚР ҰҒА ұсынған DeepBas жүйесін әзірлеу бастамасын қолдаймыз», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Жиынға қатысушылар жобаның пилоттық бағыттарын және оны іске асыру мерзімдерін пысықтап, сондай-ақ DeepBas жүйесінің жұмыс принциптерін талқылады. Бұдан бөлек кездесуде ақпараттық қауіпсіздік пен жерасты суын мониторингтеу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Президент су тасқыны мен құрғақшылық қаупіне алдын ала дайындалуды тапсырды

Нұрболат АМАНБЕК

 

Соңғы жаңалықтар