• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қаңтар, 2022

Президент Жарлығымен екі Елшіге өзге дипломатиялық лауазымдарды қоса атқару жүктелді

232 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен екі Елшіге өзге дипломатиялық лауазымдарды қоса атқару жүктелді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар