Оқиға • 06 Ақпан, 2026
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқыс оқиға Атырау облысындағы Құлсары қаласында 5 ақпанда болған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқушының мектепке балтамен келгенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір өндіру көлемі ақшалай мәнде рекордтық 683,7 млрд теңгені құрап, 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 27,1%-ға артқан (физикалық көлем индексі – 110,1%). Бір жыл бұрын да өсім байқалған, алайда ол небәрі 2,1% болған еді (физикалық көлем индексі – 102,9%), деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 06 Ақпан, 2026
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Шымкент қаласында Бадам өзенінде балықтар жаппай қырылған. Балық өлекселерін жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп әлеуметтік желіге салған. Өзен суына зертханалық талдау жасаған мамандар судың құрамында күкірт қышқылы бар екенін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 06 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Ел өнеркәсібі цифрлық кезеңге аяқ басты. Ірі кәсіпорындар жасанды интеллектіні өндірістік үдерістерге нақты енгізуге көшті. Бұл үрдіс былтыр іске қосылған 2025-2026 жылдарға арналған ірі кәсіпорындардың өндірістік үдерістеріне жасанды интеллектінің практикалық шешімдерін енгізу жөніндегі Жол картасы арқылы жүйелі сипат алып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген құжат өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауды жеделдетуге және нейрожелілерді нақты өндірісте кеңінен қолдануға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қазақстанның банк секторында кешбэк пен бонустық бағдарламалар соңғы жылдары маңызды бәсекелестік құралына айналды. Қаржы ұйымын таңдауда бұл тетік клиент үшін жай ғана қосымша артықшылық емес, шешуші факторлардың біріне айналып отыр. Себебі әрбір күнделікті төлем нақты үнем мен қосымша пайда әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.