Реформа • 06 Ақпан, 2026
Астанада кәсіби мәдени қауымдастық өкілдері Конституцияның жаңа жобасын талқылады. Іс-шара жаңартылған заңның негізгі ережелерін жан-жақты қарастыруға бағытталған кең ауқымды қоғамдық диалог алаңына айналды.
Сұхбат • 06 Ақпан, 2026
Жаслан Мәдиев: Цифрландыру – экономиканың қозғаушы күші
Биыл «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы деп жарияланды. Бұл шешім елдің цифрлық дамуына серпін беріп қана қоймай, жасанды интеллектіні мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыруды көздейді. ЖИ-ді экономикаға, мемлекеттік басқаруға, әлеуметтік салаларға енгізу, цифрлық инфрақұрылымды күшейту, шалғай өңірлерді интернетке қосу және деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бастаманың басты өзегі. Осы ауқымды күн тәртібі аясында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев еліміздің жасанды интеллектіні дамытудағы стратегиялық басымдықтары, цифрлық саясаттағы жаңа қадамдар, маман даярлау мен заңның қабылдануына қатысты сауалдарымызға жауап берді.
Тұлға • 06 Ақпан, 2026
Біз Мұқағали ақынды жетпісінші жылдары көп көретінбіз. Айдында жүзген алып кемедей бір өзі көшені толтырып, ойға бөгіп келе жататын. Ол кісі сол кезде біз қызмет істейтін «Лениншіл жас» газетінің бас редакторы Сейдахмет Бердіқұлов ағамызға жиі келетін.
Тағзым • 06 Ақпан, 2026
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»
Тәңіртаудың етегінде дүние есігін ашқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай, Тасашы орта мектебі жанындағы интернат оқушыларының қатысуымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Экономика • 06 Ақпан, 2026
Мақта-тоқыма кластері: Жаңа индустриялық кезең
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында экономиканы әртараптандыруға, нақты секторды күшейтуге және инвестиция тартуға ерекше мән беріп келеді. «Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс», деді Президент халыққа Жолдауында. Осы міндеттерді іске асыру мақсатында өңірімізде экономиканың барлық салаларында көптеген жұмыс атқарылып жатыр.