Экономика • 06 Ақпан, 2026
Олжас Бектенов кәсіпкерлермен қандай мәселелерді талқылады?
Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Ақпан, 2026
«Asar Baspana» кооперативі халықты алдап 25 млрд теңге табыс тапқан
Алматы қаласы прокуратурасы Экономикалық тергеу департаменті «Asar Baspana» атты қаржы пирамидасының қызметін тергеуді аяқтады. Аталған пирамида 2023-2025 жылдар аралығында тұтыну кооперативі ретінде Қазақстанның бүкіл аумағында жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 06 Ақпан, 2026
Дәріханаларда жарамдылық мерзімі өткен 750-ден астам дәрі сатылған
Цифрлық таңбалау жүйесі дәрі-дәрмек айналымында бұрын байқалмай келген бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Тегін берілуге тиіс препараттардың дәріханаларда сатылуы, бір таңбалау кодын қайта-қайта пайдалану және жарамдылық мерзімі өткен дәрілердің саудаға түсуі соның айғағы, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 06 Ақпан, 2026
Елімізде алюминий дөңгелек дискілер шығаратын зауыт салынады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АҚШ-тың Open Element және Оңтүстік Кореяның Hands Corporation компанияларының басшылығымен кездесу өткізіп, бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Ақпан, 2026
Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды
34 жастағы әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны және оның әуежайда ұсталғаны хабарланды. Бұл шектеулер оның Украинадағы соғысқа айтқан сынына байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ оған көші-қон және салық заңнамасын бұзды деген айып тағылғаны туралы болжам бар. Аталған ақпарат ресейлік Telegram-арналарда тараған, деп жазады Egemen.kz.