Банк • 06 Ақпан, 2026
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банктер туралы жаңа заң күшіне енді. Президент қол қойған құжат салымшылар үшін қолданыстағы кепілдіктерді сақтай отырып, депозиттерге кепілдік беру жүйесін жаңа талаптарға бейімдеуді көздейді. Заң нормалары жеке тұлғалардың ғана емес, банк секторына енді келетін жаңа ойыншылардың да жауапкершілігін айқындайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл шешім Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін құқық қорғау органдарының әрекеттерін тексеру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасынан соң қабылданды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2026
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Ақылы жолда жүру ақысын төлеу тәртібі биылғы 30 қаңтарда өзгерді. Бұрын Алматы облысының Іле ауданы аумағындағы балама жолы жоқ елді мекен тұрғындары (Заречное ауылы мен Байсерке саяжай секторы) бұл жол бөлігімен тегін жүретін. Енді жеңілдікпен жүру құқығы Жетіген ауылының негізінде жаңадан құрылған Алатау-сити тұрғындарына беріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Ақпан, 2026
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім қыз сабақ уақытында белгісіз заттан уланып, ауруханаға жеткізілген. Бұл ақпаратты өңірдің білім басқармасы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 06 Ақпан, 2026
Мәжіліс пен Беларусь Парламенті заң шығару саласында тәжірибе алмасады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Беларусь еліне ресми сапармен барды. Ол Минскіде ел Президенті Александр Лукашенкомен, Ұлттық жиналыстың Өкілдер палатасының басшысы Игорь Сергеенкомен және Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочановамен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады, деп жазады Egemen.kz.