Жоба • 03 Сәуір, 2026
Қазіргі жас буын цифрлық технологияларды еркін қолданып, жаңа мүмкіндікті батыл игеріп келеді. Бүгінгі оқушылар тек тұтынушы емес, тың идея ұсынып, нақты өнім жасап жүрген жасампаз ортаға айналды. Осындай талапты жастың бірі – Алматы қаласындағы №214 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Нұрлыхан Майлин. Ол 17 жасында қазақ тілін үйрететін «SayRa» мобильді қосымшасын жасап шықты. Жас әзірлеуші бұл жобасы арқылы мемлекеттік тілді заманауи форматта меңгертудің жаңа жолын ұсынып отыр.
Digital • 03 Сәуір, 2026
Цифрлық кеңістіктегі қазақ тілі
Жаңа қабылданған Конституция тұңғыш рет қазақ тілінде әзірленіп, мемлекеттік мүдденің ұлттық мұратпен сәйкестігін көрсетті. Өйткені бұл құжат – құқықтық акт қана емес, елдік сананың даму арнасын айқындайтын тұрлаулы тұжырымдама. Оның мемлекеттік тілде жазылғаны өзге де салаларға үлгі болуға тиіс.
Технология • 03 Сәуір, 2026
«Жезтабанның» жеңісі – ізденістің жемісі
«Жезтабан» – кәдімгі робот ит. Қызылордадағы Қорқыт ата университетінің LUPIC командасы Астанада өткен «Alem TechFest» – 2026 республикалық технологиялық фестивалінде осы роботты жетілдіріп, айналаны барлап, кедергіден өте алатын «ойлы» құрылғыға айналдырған. Unitree Go2 роботына «жан бітіріп», «RoboCup Rescue» санатында бірінші орынды иеленген команда капитаны – университеттегі Жасанды интеллект институтының CPAI-24-1 студенті Ернұр Қанат. Жеңімпаз топ құрамында Аян Нұрлыбекұлы мен Дархан Серікбаев та бар.
«Таза Қазақстан» • 03 Сәуір, 2026
Табиғатты аялау – қоғамдық құндылық
Күн сайын үйден шығарылатын қоқыста есеп жоқ. Ашық дереккөздерде жылына елдегі полигондарға 4,5 млн тоннадан аса қалдық төгілетіні жазылған. Оның қайта өңделетіндері 28 пайызға әрең жетеді. Демек, бізде әлі сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесі әлсіз. Мәселені қалай жүйелеуге болады?
Тұлға • 03 Сәуір, 2026
Қазақ киносының тарихына үңілген сайын, өткен ғасырдың 60-жылдары ерекше бір шоқтығы биік кезең ретінде көзге түседі. Бұл – тек тұщымды фильмдер түсірілген уақыт қана емес, ұлттың өзін-өзі іздеген, өткенін саралап, болашағына бағыт түзеген рухани серпіліс дәуірі еді. Экранға шыққан әрбір туындыда ұлттық сана, халықтық болмыс, тарихи жады жаңаша тыныс алды. Осындай тағдырлы кезеңде кино өнерінің жүрегіне айналған тұлғалардың бірі – Әкім Тарази.