Саясат • 12 Желтоқсан, 2025
Еуразия үкіметаралық кеңесіне қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты. Шағын және кеңейтілген құрамда ЕҮАК қатысушылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіп кооперациясын дамыту, сондай-ақ энергетика, цифрлық даму, кеден салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Саясат • 12 Желтоқсан, 2025
МАЭК-ті қолдауға бөлінген қаражатқа салық салынбайды
Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) салықтан босатылмақшы. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар тиісті заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады. Бұдан бөлек, жиында екі мәселе кеңінен талқыланды.
Білім • 12 Желтоқсан, 2025
Жасанды интеллект оқу сапасын арттыруға септеседі
Жасанды интеллектіні білім саласына енгізу – әлемде ең қызу талқыланып жатқан мәселенің бірі. Осы орайда Мемлекет басшысы ЖИ-ді мектеп кезеңінен бастап қолдану қажет екенін айтып, стратегиялық бағытты айқындап берді. Алайда білім құрылымы күрделі, көпдеңгейлі жүйе болғандықтан, мұндай технологияны бірден енгізу мүмкін емес. Осыған байланысты Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов, «Daryn.online» платформасының тең құрылтайшысы Асқар Мақсатұлы, білім саласының сарапшысы, PhD Мәдина Тыныбаева, «Qalan.kz» стартабының негізін қалаушы Асқар Болат, «Amansultan» цифрлы платформасының авторы Нұрлан Қиясов пікір білдірді.
Экономика • 12 Желтоқсан, 2025
Экономика: әлеует пен мүмкіндік
Президент экономиканы әртараптандыруға, инвестиция тартуға, әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған бірнеше ірі бастама жариялап, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Бірақ құрылымдар арасындағы үйлестірудің әлсіздігі, ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан бюрократиялық тосқауыл, өңірлердегі атқарушы билік жұмыс қарқынының әркелкілігі реформаның тез әрі толық орындалуына айтарлықтай тежеу.
Құқық • 12 Желтоқсан, 2025
«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» дейтін халықпыз. Рас, қылмыстың қай түрі де жазаға лайық. Алайда жазасын өтеген адамның қоғамға қайта оралуы, сіңісіп кетуі – әлдеқайда күрделі мәселе. Осы орайда сотталғандарды еңбекке тарту мен олардың өмірге бейімделуіне жағдай жасау – бүгінгінің өзекті тақырыбы.