Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2025
Ауылда әзілдері жарасқан түйдей құрдас Рахымбек және Екетай деген ағаларымыз болды. Рахымбек аға монша жағып, Екетай аға қалағы бар шынжыр табан трактор тізгіндеді. Қолдары қалт еткенде екеуі де аздап аңға шығып қоятын.
Саясат • 13 Желтоқсан, 2025
Әйелдердің экономикалық мүмкіндігін дамыту – назарда
Астана қаласында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа ұлттық комиссия төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, ұлттық комиссия мүшелері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ онлайн режімде өңірлердің әкімдіктері қатысты.
Саясат • 13 Желтоқсан, 2025
Ұлттық жобаны іске асыру барысы қаралды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы басталған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды.
Саясат • 12 Желтоқсан, 2025
Қазақстан – Иран: Ырысқа бастайтын ынтымақтастық
Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан елімізге ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада шетелдік әріптесін ресми түрде қарсы алып, мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің әнұрандары орындалды.
Саясат • 12 Желтоқсан, 2025
Рухани байланысты нығайту – ортақ ұстаным
Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат жұмыс сапарымен Ватиканға барды. Сапар аясында делегация мүшелері Рим Папасы XIV Леоның аудиенциясында болды. Сондай-ақ Қазақстанның конфессияаралық бастамалары мен Ватиканның рухани көшбасшылығына арналған халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Конференция алаңында Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префекті кардинал Джордж Кувакадпен, өзге де дін істері ұйымдарының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.