Руханият • 13 Желтоқсан, 2025
Қазақ ұлттық өнер университетінде фольклорлық орталықтың ашылғанына да біршама уақыт өтіпті. Базаралы Мүптекеев басшылық жасаған жылдары көп жұмыстың басын қайырып еді. Базекең компьютерде тапжылмай ұзақ отыратын. Сыртынан қарап «балбал тас» деп қалжыңдайтындар да болыпты. Өзінің өмір бойы экспедиция сапарларынан жинаған материалдарын өңдеп, құнды деп тапқандарын ұрпақ игілігіне жаратамын деп жүретін. Сол Базекеңмен әріптес болдық.
Тағзым • 13 Желтоқсан, 2025
Көз ілестірмей перне қуалатып, дауыс тудыратын саусақ деп ойлайсыз ба? Кеудедегі рух пен жүректің қуаты сияқты біздіңше. Күй аңызына айналған «Салтанаттың» авторы Төлеген Момбековті көргендер анандай томпиған саусақтарымен апырай осыншама ғажайып күй төгеді деп ешкім ойлай қоймас деседі. Сол Төлеген Момбековтің алдынан күй үйреніп, тәлімін алған шертпе күйдің шебері, ұстаз Рымхан Әбілханұлын еске алу кешінде оның күйшілігі мен кісілігі туралы көкейге қонарлық әңгіме көп айтылды.
Футбол • 13 Желтоқсан, 2025
Астана қаласында 11 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футболдан «Astana Cup-2025» халықаралық турнирі өтті. Додада Тбилисидің «Динамо», Бакудің «Қарабах», Ташкенттің «Пахтакор», Душанбенің «Динамо», Бішкектің «Абдыш-Ата», Мәскеудің «Спартак» командалары, еліміздің әр өңірінен келген 16 команда өзара бақ сынады.
«Таза Қазақстан» • 13 Желтоқсан, 2025
Қала тазылығының насихатшылары марапатталды
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектелуі серіктестігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлер арасында байқау жарияланған еді. Тәуелсіздік күні қарсаңында «Таза сана – Таза қала» атауымен ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығып, бір топ журналист жүлделі болды.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025
Кітап-альбомға көшкен киелі орындар
Атырауда жергілікті тұрғындардың наным-сеніміндегі киелі жерлер туралы жаңа кітап-альбом жарыққа шықты.