Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2025
Азаттық төрткүл дүниедегі халық біткеннің асқақ арманы. Біздің буынға ұлтымыздың азаттық алған сәтіне куә болуды, қал-қадерінше егемендікке қызмет етуді жазыпты.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Түркі тілдері күні атап өтілді
Халықаралық Түркі академиясының 15 жылдығына орай 15 желтоқсан – Дүниежүзілік Түркі тілдері күні салтанатты форматта аталынып өтті. Бұл атаулы дата ЮНЕСКО шеңберінде бекітілгенін айта кетейік. Іс-шара барысында академияның кітаптары мен архив фотосуреттері қойылған көрме көпшілік назарына ұсынылып, түркі әлемінің ғылыми-рухани ынтымақтастығының нәтижесі таныстырылды.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік табалдырығы: «Егемен» не жазды?
Қазақ елінің мемлекеттік тәуелсіздігін алар тұстағы кезеңге зер салсақ, 1991 жылғы желтоқсан айының 12-сі мен 16-сы күндері аралығын шын мәніндегі «өліара шақ» деп сипаттауға болатындай. Бұл – одақтың іргесі түбегейлі сөгіліп, бізден басқа республикалардың бәрі еншісін алып, бөлек кеткен шақ. Бір жағынан, іс жүзінде ешкімге тәуелді емес едік. Екінші жағынан, заң жүзінде әлі тәуелсіздігімізді де жарияламадық. Бұл кезеңді «Тәуелсіздік табалдырығы» деп те атауға болады.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Энергетика саласындағы жүйелі трансформация
«Astana Hub» алаңында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кеңейтілген кездесуі өтті. Ведомство басшысы отын-энергетика кешенінің есепті жылдағы қорытындыларын ұсынып, бұл кезеңді дағдарысқа қарсы басқаруды аяқтап, ауқымды стратегиялық міндеттерді іске асыруға көшу уақыты ретінде сипаттады. Үкімет брифингі жаңа «Town hall» форматында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Алғашқысын Энергетика министрлігі бастады.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Халықтың әл-ауқаты қайтсе нығаяды?
Кез келген мемлекет халықтың жайлы әрі қауіпсіз ортада алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасайды. Әлеуметтік саланың ішінде денсаулық, білім, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту мәдениет, спорт сынды бағыттарды бірінші орынға қояды. Экономикасы қуатты, бай елдердің әлеуметтік салада жетістікке жететінінің бір себебі – осы. Біз бүгін әлеуметтік қорғау саласына арнайы тоқталамыз.