Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік алғалы бері еліміз экономикалық жағдайын да түзеп келеді. Алғашқы жылдардағы ахуал алаңдатқанымен, кейінгі тартылған капитал өндіріске серпін беріп, сапалы жаңғырудың берік тірегіне айналды. Егемен елдің берік ұстындарының бірі – тұрақты экономика, тұрлаулы өсім. 90-жылдары бұған қол жеткізу оңай болмады. Алайда экономикамыз жылдан-жылға еңсесін тіктеп, әлемдік бәсекеге икемделіп келеді.
Білім • 16 Желтоқсан, 2025
Білім саласы егемендіктің алғашқы жылдарында күрделі дағдарысты бастан өткерсе де, кейінгі онжылдықтарда ауқымды бағдарламалар мен жаңа жобалар арқылы біртіндеп жаңа форматқа көшті. Мәселен, бүгінде қазақ мектептерінің үлесі 55 пайызға жетсе, қазақ тілінде білім алатын оқушылардың үлесі 70 пайыздан асқан.
Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2025
Әлемдік мәртебе: сенім мен серіктестік
Кез келген елдің тәуелсіздігі халықаралық деңгейде мойындалғаны аса маңызды. Өйткені әлемдік қоғамдастық трансшекаралық кепілдік бермей мемлекет құру, экономикалық реформа жүргізу, әлеуметтік даму мүмкін емес. Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін оны дүние жүзіндегі көптеген мемлекет халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қабылдады. 120-дан аса ел Қазақстанның тәуелсіздігін ресми түрде мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Әр елдің сәулеті мен дәулеті құрылысынан да байқалады. Зәулім ғимараттар мен заманауи стильдегі нысандар – мемлекеттің бет-бейнесін айшықтайтын стратегиялық күш. Қадасы қағылған әрбір нысан – тәуелсіздіктің айқын жетістігі болса, бой көтерген әр ғимарат – ұлттың өркендеуге деген ұмтылысы іспетті. Тәуелсіздік жылдарынан бері бұл сала тоқтаусыз дамып келеді. Отыз жылдан астам уақытта құрылыс қарқынды дамып, экономиканың күре тамырына айналды. Бүгінде ІЖӨ-дегі осы саланың үлесі 6%-ға жетті.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің 20-сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.