Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Бүгінде еліміздің автомобиль өнеркәсібі қарқынды дамып, ел экономикасының маңызды салаларының біріне айналды. Саланың тұрақты дамуына мемлекеттік қолдау, инвестиция тарту, өндірістік инфрақұрылым құру, шетелдік компаниялар- мен әріптестік орната отырып, жаңа технологияларды енгізуге ықпал етті. Ресми деректер бойынша, биылғы 9 ай ішінде елімізде 109 223 техника өндірілген.
Тарих • 16 Желтоқсан, 2025
Қазақ астаналарының тарихында айрықша орны бар қала – Алаш қаласы. Біздің бұл туралы алғашқы мағлұматымыз – көрнекті жазушы, алаш арысы Жүсіпбек Аймауытұлының 1927 жылы жазған әйгілі «Ақбілек» романындағы: «Семей – бір губерния елдің жүрегі. Семей бүлкілдесе, бір губерния ел бүлкілдейді. Ертістің оң қабағында – Семей, солында – Алаш қаласы...», деген сөзі еді.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында халық саны мен жастар үлесі ең жоғары саналатын Қарасай ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында Жастар ресурстық орталығының жаңа екі қабатты ғимараты пайдалануға берілді.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін мерейтойлы жыл еліміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудың ерекше кезеңі болды. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Бірлік пен ынтымақтастық, диалог, өзара сенім мен құрмет, азаматтық жауапкершілік – осы мызғымас қағидаттардың бәрі еліміздің ілгерілеуінің негізін құрайды». Бұл сөздер Ассамблеяның 30 жылдығындағы қызметінің мән-маңызын дәл айқындайды.
Жоба • 16 Желтоқсан, 2025
Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ қалалық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, «Esirtkisiz Elorda: Тәуелділіксіз болашақ идеясы» атты байқаудың финалдық кезеңін өткізді. Сайыс «Esirtkisiz Elorda» жобасы мен «Заң және тәртіп» акциясы аясында ұйымдастырылды. Байқауда мектеп, колледж және жоғары оқу орындарынан іріктелген алты қатысушы бақ сынады. Олар жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған авторлық бастамаларын таныстырып, қазылар алқасы мен көрермендер алдында өз жобаларын қорғады.