Ұлттық спорт • 30 Қараша, 2023
Бозала таңнан Бозанбайға ағылған елде есеп жоқ. Жүйрік ат десе делебесі қозып тұратын қазақ елі қыран ұшып, тазы жүгірген күні жатсын ба? Бекзат өнерді насихаттауға бағытталған дәстүрлі фестивальда биыл Ресей, Моңғолия, Қытай, Қырғызстанның қыран баптаған құсбегілері де бақ сынасты. Осылайша, Ұлан ауданында үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бүркітшілер байқауы халықаралық деңгейдегі іс-шараға ұласты.
Жастар • 30 Қараша, 2023
Зерттеу нәтижесі: Биылғы жастар портреті қалай шықты?
Еліміздің әрбір үшінші тұрғыны жастар санатына жатады. Олардың сұранысы мен қажеттілігі жалпы қоғамның жағдайын тікелей көрсете алады. Сондықтан зерттеу жүргізіп, жастардың пікірін талдап отыру аса маңызды.
Инфографика • 30 Қараша, 2023
Ішкі жалпы өнім өсе ме, құлдырай ма?
Әртүрлі сарапшылар 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көрсеткішінің шамамен 5 пайызға тақау қалыптасатынын айтып жатыр. AERC 4,6 пайыз десе, Халықаралық валюта қоры 4,8 пайыз болады деген болжам береді. Halyk Finance аналитикалық орталығының мәлімдеуінше, ІЖӨ өсімі жоспар бойынша жылжып келе жатыр.
Құрылыс • 30 Қараша, 2023
Жақында табиғаттың тосын мінезі бас қаладағы құрылыс сапасының көлеңкелі тұсын көрсетіп бергендей болды. Осындай кезде торнадо секілді алапат дауыл мен ақтүтек боранның өзіне шыдас беретін дамыған елдердегі алып ғимараттар қандай технологиямен тұрғызылады, адам қолы жетпес құрылыс материалын қолданды ма екен деп таңданасың. Ал бізде жауаптылар ат ізін салмайтын аймақтарды айтпағанда, осы күні ел астанасында жел тұрса жұрттың зәре-құты қашып, жанын шүберекке түйіп отырады.
Қылмыс • 30 Қараша, 2023
Елімізде адам саудасы бойынша жыл басынан бері 27 факт тіркелген. Ең сорақысы, кәмелетке толмаған 22 бала сатылған. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді. Жалпы, елімізде тірі тауар саудасына қашан тосқауыл қойылады?