Халық • 01 Желтоқсан, 2023
«Қандас» мәртебесін алу жеңіл болмай тұр
Азаматтық куәлік – жер басып жүрген әрбір жұмыр басты пенденің белгілі бір елде өмір сүруіне хақылы әрі сол елдің заңды азаматы екенін айқындайтын құдіретті құжат. Қазір «итке темір не керек» деп жүрген ешкім жоқ, тіпті ит пен мысықтың да тиісті құжаты бар. Ал атажұртым деп шекара асып келген қандастарымыз ел қатарына қосылғанын айғақтайтын бір жапырақ қағазға зар болып жүр.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2023
Шығыс өндіріс пен ауыл шаруашылығын қатар дамытады
Кеше Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев баспасөз мәслихатын өткізді. Іс-шарада ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері туралы айтып, журналистер сұрағына жауап берді.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023
«Халық жазушысы» кімдерге беріледі?
Әлемде мың-сан өнер бар: әдебиеттің жөні бөлек. Әлемде мың-сан жанр бар: көркем шығарманың жөні бөлек. Адамның қатпар-қатпар жан дүниесінің терең сырына бойлап, табиғатын, шынайы мінезі мен болмысын, жан тебіренісін шебер суреттеп, оқып отырған жанды әлемтапырық күйге түсіретін де әдебиет. Жазушының «тәтті тамұғынан» тұншыға шыққан шығармасы санаңда сілкініс жасап, дәл осындай әсер қалдыратыны тылсым бір күш сынды.
Денсаулық • 01 Желтоқсан, 2023
Қауіпті дерттің алдын алу жолы
1 желтоқсан дүниежүзілік АИТВ-ға қарсы күрес күніне орай Шымкент қалалық ЖИТС орталығының мамандары шаһардағы №13 емхана жанындағы жастар орталығында жастармен кездесіп, қауіпті кеселдің алдын алу жолдары туралы түсіндірді.
Сұхбат • 01 Желтоқсан, 2023
Камалжан НАДЫРОВ: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті дәрігер даярлау
Медицина саласына қай кезде де тәжірибелі маман қажет. Мемлекет кадр даярлау ісін үйлестіріп отырған оқу орындарына сенім артады. Астана медицина университетінің ректоры Камалжан Надыровпен сұхбаттасудың сәті түскенде медицина мамандарын даярлаудағы жаңашылдықтар турасында сұраған едік.