Руханият • 30 Қараша, 2023
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында ақын Төленді Арыстанбекұлының Алматыдағы «Аrshyn» баспасынан шыққан «Тобылдың толқындары» атты таңдамалы жыр жинағының тұсаукесері өтті. Кеш шымылдығы саналы ғұмырын экономика мен аудит саласына арнай жүріп, артында өнегелі сөз, салиқалы ұрпақ қалдырған, Тобыл-Торғай өңіріне есімі етене таныс қайраткер тұлға туралы шағын бейнефильммен ашылды.
Тарих • 30 Қараша, 2023
«Мақыш балуан» повесі кімге арналған?
Кеңестік кезеңде қуғын-сүргіннің зардабын қазақ жұрты да аз шекпеді. ХХ ғасырдың 20-50 жылдары большевиктік-сталиндік биліктің солақай саясатынан қаншама жазықсыз жан жапа шекті: біреуі атажұртын тастап, шет жерлерге мәжбүрлі түрде жер ауды, біреуі атылып кетті, енді біреуі түрмеге жабылды, келесі бірі хабар-ошарсыз кетті. Алайда сол жандардың артында қалған ұрпақтары жадында олар туралы естеліктер қалды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия қолға алған жоба – «ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және оңалту үдерістері: бірыңғай деректер базасын құру» аясында қуғын-сүргін құрбандары туралы архив құжаттарымен қатар әр өңір тұрғындарынан естеліктер жинастырылған. Сондай естеліктердің бірін жазушы Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ айтып берген еді.
Зерде • 30 Қараша, 2023
Алдымен кеңестік уезд, губерния орталығы, содан кейін облыс орталығы болған Шымкент қаласы бір кездері Оңтүстік өлкенің жазалау орталығына да айналған. Бұл жер өлкедегі кеңес өкіметіне қарсылық көрсеткендердің барлығын айыптау, тергеу, тергеусіз соттау мен ату орталығы болды. Оған куә – қазіргі кезеңде жыл сайын 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні тағзым ету орнына айналған қаламыздың «Нұрсат» шағынауданының батыс жағын ала орналасқан, кезінде «Албастысай» деп аталған жер – жазықсыз жапа шеккен 2 мыңнан астам отандасымыздың бауырластар зираты.
Аймақтар • 30 Қараша, 2023
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық Мәдениет үйінде «Кітап-Аmanat» жобасы аясында кітап орталығы ашылды.
Әдебиет • 30 Қараша, 2023
Қазіргі қазақ жырының ақсақалы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сейфолла Оспанов сексен бес жасқа толды. Жаратқанның жақсылығы болар, ақын ағамыз осынау мазмұнды ғұмырының алпыс бес жылын қазақтың қасиетті өнері – өлеңге арнады. Сыр бойының түлегі болғасын, оның ақын болмауға қақы жоқ сияқты болып көрінеді. Сыр сүлейлерінің сан алуан көшінде, әр кезеңнің белестерінде ұлтына ұлық сөзін ұзатқан, тереңнен тауып терме өрген, тамырдан тартып шерленген, тұрлаулы сөзді өңгерген, тыңдарманға дем берген, тарихтың тарауын таңдайға құйып меңгерген, таланттардың көзін көріп, қолдарына су құйған, батасын алып, пұл жиған, көкірегіне құйылған таң нұрындай таза сөзді жүрегіне жазып ержеткен Сейфолла ағамыз алғашқы өлең сапарында адамгершілік пен адалдықтың ақ туын сол алдыңғы аға ұрпақтың көңіл қайнарынан құйылып жеткен ұлағаттан тауып, өмір бойы осы ұстанымнан айнымай келеді. Сондықтан да ақын өлеңнің өрісіне түскенде «Жыр – ана» деген имани кодекске қол қойып, сертсөздің сілтемесін тұғыр етіп ұстайды.