Қоғам • 27 Желтоқсан, 2025
Кезінде Зайсан ауданының Дайыр ауылында елге сыйлы, өңірде алғаш рет электр жүйесі саласында ұзақ жыл қызмет еткен тыл ардагері Қабаш Тұрдыбеков деген қария тұрды. Осыдан 13 жыл бұрын өмірден өткен ақсақал тірі болғанда бүгінде ғасыр тойын жасап жатушы еді. Өмірі өнегелі қарияны неге еске алып отырмыз?
Мирас • 27 Желтоқсан, 2025
«Қырық батыр» қамқорлыққа зәру
Кеңес билігі кезеңінің алғашқы үш онжылдығында түркітілді халықтардың батырлық жырларын жинақтап зерттеу назардан тыс қалды. Бұл жағдай «орыс халқының және түркітілді елдердің батырлық жырлары шынайы тарихи уақиғаларды баяндайтын халықтық шығармалар, олардың құндылығының негізін батырлық рух пен отан қорғау идеясы құрайды» деген ғалымдар 1936 жылы тұжырымдаманы қабылдағаннан кейін өзгерді. Бұл кезде Еуропада гитлерлік Германия бастаған соғыс өрістеп, кеңес одағының батыс шекарасына жақындаған еді. Осындай қысылтаяң жағдайда коммунистік партияның идеологтері одақтық ұлттардың қаһармандық эпостарын кеңес халқын гитлерлік басқыншыларға қарсы соғыста отанын қорғауға жұмылдыруға, майдангерлердің батырлық рухын көтеруге пайдалануды көздеді. Сөйтіп, түркітілді халықтардың батырлық жырларын жинақтауға жол ашылғандай болды. Қазақ елінің батыс аймағында ауызша тараған батырлық эпос-жырлардың жаңа заманда жаңаруына алғышарттар туындады.
Өнер • 27 Желтоқсан, 2025
Қысқы мерекелер қарсаңында «Астана Опера» театры елордалық көрерменді асқақ әуендер мен рухани жылылыққа бөлеп, ерекше музыкалық кеш ұсынды. К.Байсейітова атындағы Камералық залда «Рождество сиқыры» концерті көне музыка жауһарларынан шашу шашты.
Жәдігер • 27 Желтоқсан, 2025
Сармат әйелдің жұмбақ қобдишасы
Археологтер 2021 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Ұрысай оба кешенінен табылған қобдишаның құпиясын ашты.
Өнер • 27 Желтоқсан, 2025
Қазақ аспанын қақ жарып, Қызылорда, Жезқазған даласын жүректі жарардай солқ еткізіп, Байқоңырдан алып ғарыш кемелері мен зымырандар ұшырылып жатса да жердің иесі, елдің егесі қазақ халқына ешқандай қатысы жоқтай көрінетін. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана Байқоңыр мен сол аумақтағы елді мекендерді дамыту қолға алынды. Байқоңырдың атауы да тек 1995 жылы қайтарылды, оған дейін Ленинск деп аталатын.