Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес өңірдегі Президент резиденциясын балалардың игілігіне беруді тапсырған еді. Қостанайдағы резиденция содан бері қайта жөндеуден өтіп, биыл жаңа жыл қарсаңында жүйке ауытқуы бар, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларды оңалту орталығы болып қайта пайдалануға берілді.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Желтоқсан, 2025
Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде Жұмысшы мамандықтары жылын қорытындылау салтанаты өтті. Атаулы жыл аясында облыс көлемінде ұйымдастырылған «Еңбек жолы», «Парыз» байқауларының нәтижесі жарияланды. «Еңбек жолы» байқауы адал еңбегімен құрметке бөленген еңбек әулеттерінің сабақтастығын дәріптеуге, «Парыз» байқауы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Digital • 27 Желтоқсан, 2025
Енді «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.
Ғылым • 27 Желтоқсан, 2025
Отандық зерттеушілер адам тынысындағы ацетонды дәл анықтайтын жаңа сенсор әзірледі. Бұл технология болашақта диабетті инвазивсіз, яғни қан алмай анықтаудың қолжетімді тәсіліне айналуы мүмкін. Назарбаев университетінің «National Laboratory Astana» зертханасында жүргізілген зерттеу «Sensors International» журналында жарияланды.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2025
Кезінде Зайсан ауданының Дайыр ауылында елге сыйлы, өңірде алғаш рет электр жүйесі саласында ұзақ жыл қызмет еткен тыл ардагері Қабаш Тұрдыбеков деген қария тұрды. Осыдан 13 жыл бұрын өмірден өткен ақсақал тірі болғанда бүгінде ғасыр тойын жасап жатушы еді. Өмірі өнегелі қарияны неге еске алып отырмыз?