Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
200 оқушы Президент шыршасына қатысты
Ұлытау облысында Президенттің дәстүрлі жаңажылдық шырша шамы жанды. Шыршаға облыс құрамындағы қалалар мен аудандар мектебінен үздік оқитын, дарынды және спортта жеңіске жеткен 200 таңдаулы оқушы қатысты.
Мәдениет • 30 Желтоқсан, 2025
Ыстанбұл төрінде қазақ әуені қалықтады
Тарих пен мәдениет тоғысқан Ыстанбұл қаласында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері өнер көрсетіп, қазақ халқының бай рухани қазынасын түрік жұртшылығына кеңінен таныстырды.
Қылмыс • 30 Желтоқсан, 2025
Есірткі қылмысымен күрес тоқтамайды
Жуырда облыс орталығында полицейлер синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 19 жастағы қала тұрғынын ұстады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп жүргізген іс-шара барысында оның жалдамалы пәтерінен «эфедрон» деп аталатын психотроптық заттың 123 грамы тәркіленді.
Құқық • 30 Желтоқсан, 2025
«Айқын нәтиже» жемісті аяқталды
Кейінгі екі ай ішінде Астананың Алматы ауданында Бас прокуратураның бастамасымен айрықша жоба қолға алынып, сәтті аяқталды. Бұл – «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы «Айқын нәтиже» жобасы. Мамандардың айтуынша, ол құқық бұзушылықтардың алдын алуда тиімділігін көрсетіп, заңды белшесінен басу факторларын жоюға септігін тигізген.
Медицина • 30 Желтоқсан, 2025
Күрделі операция сәтті аяқталды
Саңыраулық диагнозының асқынған түріне шалдыққан 13 жастағы бала «Жап-жарық әлемнің үнін естимін бе?» деген бір үміт, бір үрейдің жетегінде операция жасатты. Мұндай операция түрі Қарағандыда алғаш рет орындалып, өңір медицина саласында тарихи оқиға тіркелді.