теміржол
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
25% және 33% жеңілдік: Зейнеткерлер мен жастар үшін пойыз билеті арзандайды
Елімізде 60 жастан асқан және 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар үшін пойыз билеттеріне жаңа жеңілдіктер енгізілді. Енді зейнеткерлер QURMET картасымен 25%, ал жастар KETTİK33 картасымен 33% жеңілдікке ие болады. Бұл карталар Ұлттық тасымалдаушының барлық бағыттарында бір жыл бойы жарамды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 29 Қаңтар, 2026
Үнді мұхитына жол: Қазақстан Ауғанстан арқылы теміржол салмақ
Еліміз оңтүстік бағыттағы логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Ауғанстан аумағы арқылы теміржол салуды жоспарлап отыр. Жоба жүзеге асса, ел Үнді мұхитына тікелей шығатын ең қысқа маршрутқа қол жеткізіп, Пәкістан порттарына жол ашады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2026
Қызылордада теміржолды кесіп өтетіндер көбейді
Қызылордада желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Көліктегі қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Оның аясында теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткендерге әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қаңтар, 2026
Қазақстаннан Вена, Рим және Нью-Йоркке әуе рейстері ашылады
Биыл жаңа теміржол желілерінің құрылысы аяқталады, ал Қызылорда – Жезқазған автожолындағы қозғалыс 2026 жылдың соңына дейін ашылады. Ұлттық құрылтайда берілген Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Астанада бір жылда теміржол аумағында 77 адам зардап шекті
2025 жылы Астана қаласында теміржол бойында 77 адам түрлі жарақат алып, оның жартысына жуығы қайтыс болды. Тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін ескермей, жолды қысқарту үшін рельстерді рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі қайғылы жағдайлардың басты себебіне айналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
1,6 мың шақырым жол жөнделіп, 2 мыңға жуық жаңа вагон беріледі
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Президент тапсырмалары аясында теміржол инфрақұрылымын дамытудың белсенді кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстан теміржол паркі жаңарады: 2026 жылы 91 жаңа вагон қолданысқа беріледі
Елімізде 2030 жылға қарай 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді. Жоспар бойынша келесі жылдың өзінде 91 жаңа вагон жеткізіліп, бірнеше танымал бағыттар бойынша қатынай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Желтоқсан, 2025
Теміржолдағы қайғылы оқиға: қаза тапқан 4 теміржолшының аты-жөні белгілі болды
Мойынты – Шығанақ учаскесінде өндірістік жұмыстар атқару кезінде қаза тапқан «Қазақстан темір жолы» АҚ төрт қызметкерінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісі жөнделеді
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында теміржол саласында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 09 Желтоқсан, 2025
Қытайға теміржол экспорты 11%-ға өсті
Достық – Мойынты учаскесінде маршруттың екінші жолдары бойынша қозғалыстың ашылуы ҚХР-ға отандық тауарларды жеткізуді ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Үкімет отырысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 07 Желтоқсан, 2025
Елорданың көлік инфрақұрылы: қаланы айналып өтетін теміржол салынады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов жұмыс кездесу барысында елорданың көлік жүйесін дамыту бойынша кешенді стратегия әзірлеу бойынша жиын өткізді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Логистика • 13 Қараша, 2025
Биыл 80 вокзал пайдалануға беріледі
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы бірер күн бұрын Үкімет отырысында айтқан еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты
Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуымен құттықтап, бүгінгі іс-шараның мән-маңызы ерекше екеніне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде теміржолшының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр
Теміржолшы жазатайым оқиға кезінде бір аяғынан айырылып, ауруханада көз жұмды. Қазіргі кезде тергеу жұмысы жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Теміржол желісі жаңғырып, даму қарқыны артты
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешу қажеттігіне назар аударды. Президент тапсырмасын орындау аясында көлік-логистика әлеуетін дамытуға арналған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Цифрландыру арқылы теміржолды басқару жеңілдейді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің телеграм арнасына сілтеме жасап.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Теміржолды цифрландыру бойынша кешенді жоспар жасалады
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу, цифрлық диспетчерлеу, ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен саланы цифрландыруға назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Елімізде екі ірі теміржол жобасы мерзімінен бұрын аяқталады
Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын дамыту жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асу барысы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 03 Тамыз, 2025
Павлодарлық машинист 35 жылдық тәжірибесін жастарға үйретіп жүр
Теміржол – жүйткіген пойыздар мен шойын жолдар ғана емес, сонымен бірге жүздеген маманның тынымсыз еңбегімен қамтамасыз етілетін күрделі сала. Сол еңбек иелерінің бірі – Павлодар локомотив пайдалану депосының аға машинист-нұсқаушысы Талғат Құсайынов.
Мереке • 03 Тамыз, 2025
Мамандардың кәсібилігі – көлік саласының тірегі
Бүгін - теміржолшылардың кәсіби мерекесі. Тасымалдау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін машинистер, жүргізушілер, инженерлер, логистер және он мыңдаған басқа да жоғары білікті мамандар еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 01 Тамыз, 2025
Қазақ даласындағы алғашқы теміржолдар
Ұзындығы 1 668 км Орынбор – Ташкент магистралінің құрылысы басталған 1904 жыл – Қазақстанда теміржол көлігінің құрылған жылы болып саналады. Теміржол бойында Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қызылорда және басқа да қалалар мен өнеркәсіп орталықтары өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Тамыз, 2025
Теміржол инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр
Бүгінде ел аумағы бойынша 154 теміржол жолаушылар бағыты жүреді. Осылайша, биылғы жылдың алғашқы 6 айында теміржол көлігімен 9,5 млн жолаушы тасымалданған. Жолаушылар вагондарының паркін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 60-қа жуық жаңа жолаушылар вагондары жеткізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Тамыз, 2025
Әуе арқылы жүк тасымалын дамытамыз - Президент
Президент көлік саласының қызметкерлерін марапаттау салтанатында алдағы маңызды міндет – әуе арқылы жүк тасымалын дамытып, Қазақстанды аймақтағы жетекші авиациялық хабқа айналдыру екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Инфрақұрылым • 16 Шілде, 2025
Теміржол вокзалдарын жаңғыртуда жергілікті үлес неге төмен?
Елімізде басталып жатқан теміржол вокзалдарын реконструкциялау және жаңғырту жобасы аясында жалпы құны 250 млрд теңгені құрайтын 125 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл ретте шатыр, қасбет, ішкі көрініс, жолаушылар платформалары, инженерлік желілер мен іргелес аумақтарды қамти отырып, 21 сапаржай толық қалпына келтірілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 10 Шілде, 2025
Қыркүйекте «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Jibek Joly 5.0» туристік пойызының жаңа маусымы басталады. 6 күнге созылатын сапар барысында жолаушылар Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы бағытымен жүріп өтеді. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи, мәдени орындармен танысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 12 Маусым, 2025
Жыл сайын еліміздегі пойыз вагондары жаңарып келеді. Жолаушы тасымалының халықаралық желісін қалыптастыру бағытында белсенді жұмыстар жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2025
Астанада 5 миллионыншы жолаушы марапатталды
Жыл басынан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты пойыздармен жүрген жолаушылар саны бес миллионға жетті. Мерейтойлық жолаушы Астана қаласындағы «Астана-1» теміржол вокзалында арнайы құрметпен күтіп алынды деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 29 Мамыр, 2025
Астанадан Бурабайға жаңа электр пойызы қатынайды
Еліміздің теміржол желісінде жолаушылар үшін қолайлы жаңа бағыттар іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Жазғы маусымда қосымша 12 теміржол бағыты іске қосылады
Бұл туралы Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Маңғыстау облысында үш теміржол вокзалы жөнделеді
Маңғыстау облысында үш жаңа теміржол вокзалы (Маңғыстау, Шетпе және Бейнеу) сүріліп, қайта салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.