Фото: Көлік министрлігі
Алтынкөл станциясы мен Қорғас шекаралық өткелі бірыңғай теміржол-шекаралық кешенді құрайды және халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны. Аталған торап елдің транзиттік әлеуетін арттыру тұрғысында ерекше рөл атқарады.
«Алтынкөл – Қорғас торабы арқылы экспорт-импорт және транзиттік жүк тасымалының едәуір көлемі жүзеге асырылады. Инфрақұрылым жүктерді жедел өңдеуді, контейнерлерді қайта тиеуді және екі мемлекеттің теміржол қызметтерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта ауқымды жаңғырту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Алтынкөл – Жетіген учаскесінде жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын екі аралықта екінші жолдардың құрылысы жалғасты, сондай-ақ 5 жаңа және 8 қолданыстағы айырықты дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл желінің өткізу қабілетін тәулігіне 18 жұп пойыздан 33 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді», делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалының әлеуетін арттырады
Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Амангелдинұлы Келбұғанов жұмыс сапары шеңберінде станциядағы жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Жобаларды аяқтау 2026 жылға жоспарланған. Оларды іске асыру Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір ретіндегі стратегиялық рөлін күшейтіп, ұлттық көлік-логистика жүйесінің тиімділігін арттырады.
Үнді мұхитына жол: Қазақстан Ауғанстан арқылы теміржол салмақ