Ұл
Шаруашылық • 24 Қараша, 2025
Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы саласына 8,5 млрд теңге инвестиция тартылды
Ұлытау облысында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» атты облыстық форум өтіп жатыр. Бұл мереке - еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосқан еңбеккерлердің күні, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 24 Қараша, 2025
Елімізде қонақ үйлерге «жұлдыз» беру тәртібі өзгереді
Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы қыркүйектегі есебінше, Қазақстанда 4 442 орналастыру нысаны тіркелген. Оның 112-сі ғана ресми «жұлдыз» санатын иемденген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қараша, 2025
Абақтыға 8 телефон алып кірмек болған: Ұлттық ұлан сарбаздары қырағылық танытты
Аршалыдағы қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесі аумағына тыйым салынған заттарды жасырын өткізбек болғандардың әрекеті дер кезінде тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Ұлттық ұланда дрон операторларын даярлау курсы іске қосылды
Әскерге шақырудың кезекті науқаны аясында ІІМ Ұлттық ұланы мерзімді әскери қызметшілерді даярлау бойынша маңызды қадам жасап отыр. Енді жауынгерлік дайындық бағдарламасына жаңа оқу бағыты – ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) операторларын оқыту енгізілді. Бұл шақырылушыларға заманауи әскери-қолданбалы дағдыларды меңгеріп, сұранысқа ие мамандықты игеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банк • 20 Қараша, 2025
2026 жылдан бастап банктерге қатысты жаңа салық тәртібі енгізіледі
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенат отырысында халықтың шамадан тыс несие алуын шектейтін құрал іске қосылатынын айтты. Ол 2026 жылдың алғашқы жартысында күшіне енбек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 20 Қараша, 2025
УЕФА рейтингі: Қазақстан құрамасы Фарер аралдарын озып, 115-орынға тұрақтады
Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу матчтары аясында Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы өткізген ойындарынан кейін УЕФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Ұлттық банк басшыларының өздеріне 1,7 млрд теңге сыйақы жаздырып алғаны рас па?
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистердің бірі Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен 2024 жылы Ұлттық банк жетекшілері өздеріне қомақты көлемде – 1,7 млрд теңге сыйақы жаздырып алғаны туралы сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 19 Қараша, 2025
Ауыл балаларынан құралған ансамбль халықаралық байқауда жеңіске жетті
Ұлытау облысы, Жаңарқа ауданы, Ш. Ералиев ауылдық округінің Оспан Әлібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің «Еркем-ай» би ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық «Бала Шабыт» байқауынан бірінші және екінші орын алып, жүлделі оралды. «Еркем-ай» би ансамблі 5-7-8-сынып оқушыларынан құралған.
Оқиға • 19 Қараша, 2025
Түркістандағы өрттен зардап шеккендер Шымкентте немесе Астанада ем қабылдайды
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, 18 жастағы қыз, бір әйел және ер адам ауыр күйде ауруханаға жеткізілген. Барлығы жансақтау бөлімінде қажетті медициналық көмекті алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 18 Қараша, 2025
Дүкендегі бағаны негізсіз көтерген сатушыларға 50,8 млн теңге айыппұл салынды
Сауда және интеграция министрлігі сауда саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуін тежеу бағытында жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Фарер аралдарына қарсы шығатын негізгі құрам белгілі болды
Қазақстан Ұлттық құрамасы 2025 жылғы соңғы матчқа арналған бастапқы құрамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Қазақстан әлемдегі ТОП-100 суперкомпьютер қатарына енді
Қазақстанда алғаш рет іске қосылған Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері халықаралық TOP500 рейтингінде 86-орынға көтеріліп, әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің қатарына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 18 Қараша, 2025
Аққанат Смағұлова: Шетел сахнасында қазақ өнерін таныту – ең үлкен марапат
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 19 қараша күні талантты жас биші, халықаралық байқаулардың лауреаты, аты аңызға айналған «GULDER» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлованың жеке шығармашылық кешін өткізеді. Осы орайда би әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, ұлттық хореографияның абыройын асқақтатып келе жатқан жас өнерпазбен сұхбаттасудың сәті түсті.
Есірткі • 17 Қараша, 2025
Есірткі сатқан дәріханаларға 150 миллион теңге айыппұл салынды
Қазақстанда ІІМ қызметкерлері құрамында есірткі бар және күшті әсер ететін 100 мыңнан астам дәрілік заттың айналымын бақылауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Ұлытау облысында әлеуметтік азық-түлік бұрышы ашылды
Ұлытау облысында халыққа қолжетімді бағада азық-түлік өнімдерін ұсынатын тағы бір әлеуметтік бұрыш ашылды. Жоба «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Ұлытаулық еңбеккер «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Бүгін Астана қаласында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің II форумы өтті. Аталған форумға Ұлытау облысынан 30-ға жуық шаруа қожалығы, диқандар мен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қараша, 2025
Шара Жиенқұлованың бұрын жарияланбаған сирек бейнематериалы табылды
Қазақтың алғашқы кәсіби бишісі, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың сирек бейнематериалы "Архив-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының Красногорск қаласындағы Ресей мемлекеттік кинофотоқұжаттар архивінен табылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Ақтаулық офицер Ұлттық ұланның үздігі атанды
Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің арасында «Үздік әдіскер» атты кәсіби шеберлік сайысы өтіп, ақтаулық офицер Бақытжан Орақбаев үздік атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
«Qarmet» Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі
«Qarmet» АҚ-ның Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөлу туралы бастамасы облыс әкімдігі мен компания арасындағы меморандум аясында жасалмақ. Маңызды құжат өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Осылайша, Қаражал қаласында кәсіпорынның қолдауымен жаңа әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылмақ.
Футбол • 12 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Бельгияға қарсы матчқа дайындық үстінде (видео)
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Бельгияға қарсы матчқа толық құрамда дайындықты бастады, деп хабарлайды Egemen.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 12 Қараша, 2025
Дамасктегі Сирия Ұлттық музейінен көне мүсіндер ұрланды
10 қараша күні Сирия Ұлттық музейіне ұрылар кіріп, ежелгі Рим дәуіріне тиесілі бірнеше бірегей мүсін мен құнды жәдігерлерді қолды етті. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді іздестіру және жоғалған мұраларды қайтару бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz сингапурлық Lianhe Zaobao басылымына сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Жаңа үйлердің бағасы қалай өзгерді?
Қазақстанда қазан айында жаңа тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 1 пайызға қымбаттады. Алайда өсім барлық өңірде бірдей емес, тек бес қалада көтеріліп, кейбір аймақтарда керісінше төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қараша, 2025
Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі өсті
Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға жетті, бұл пандемия кезеңіндегі көрсеткіштермен шамалас, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қараша, 2025
«Ұлытау ұланы» сыйлығы табысталды
Ұлытау облысы әкімінің белсенді жастарға арналған «Ұлытау ұланы» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Бұл – жастарды қолдау және олардың жетістігін дәріптеу бағытындағы маңызды жоба, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Қазан айында баспана саудасы жанданды: Астана мен Алматы көш бастап тұр
2025 жылдың қазан айында елімізде тұрғын үй нарығында 41 мыңнан астам сатып алу-сату мәмілесі тіркелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Астана мен Алматы қаласында баспана көп сатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 10 Қараша, 2025
Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған мурал салынды
Алматы шаһарының тәжі іспетті – теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктіктегі Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған көлемді мурал пайда болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қараша, 2025
Қазақстанда арнайы операция кезінде 40 қару мен 800 оқ-дәрі тәркіленді
2025 жылдың қазан айында Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату мақсатында бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Қараша, 2025
Құлсарыдан жоғалып кеткен жасөспірім қыз Ақтөбеден табылды
Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында тұратын 15 жасар жасөспірім қыз 24 қазанда із-түзсіз жоғалып кеткен еді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қараша, 2025
Қазақы тазы тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті
Бүгін «Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті. Іс-шараны «Қазақстан кинологтар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2025
Елді мекендерде алғаш рет: Көктайғаққа қарсы материалдардың ұлттық стандарты әзірленді
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) алғаш рет елді мекендер аумағында қолданылатын көктайғаққа қарсы материалдарға (КҚМ) қойылатын талаптарды айқындайтын ұлттық стандарт әзірленді. Құжаттың мақсаты жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және қыс мезгілінде реагенттердің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту, деп хабарлайды Egemen.kz.