Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «EQ»
«Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық. Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 млрд доллардан асты, ал, жан басына шаққандағы үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекеттік кеңесші: Бурабайдағы құрылтайдан кейін 6 заң қабылданып, 10 заң бойынша жұмыс басталды
Сонымен қатар Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайған.
«Алтын-валюта қорымыз ең жоғары деңгейге жетіп, 65 млрд доллардан асты. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40%-ға жақындады. Халық саны 20,5 миллионға жуықтады. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Ең бастысы, қоғам өзгерді, реформаларымыз тұрақты сипатқа ие болды, халықтың сана-сезімінде үлкен бетбұрыс жасалды», деді Мемлекет басшысы.
200-ден астам ұсыныс: Құрылтайдың секциялық отырыстарында не талқыланды?
Еске салайық, Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр.
Президент: Арал теңізін құтқару адамзат үшін өзекті мәселе болып қала береді
Мемлекет басшысы Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО тізіміне енгізуді ұсынды.
Президент кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың оқиғасына қатысты пікір білдірді