Президент • 20 Қаңтар, 2026

Елде неге әуе отыны жоқ? Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты мамандарға ескерту жасады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың V отырысында елімізде авиация саласын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Президент еліміз мұнай өндіретін ел ретінде әуе отынын шығармайтынын сынға алды, деп жазады Egemen.kz.

Елде неге әуе отыны жоқ? Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты мамандарға ескерту жасады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істе экономистер мен энергетика саласының мамандарына сын-ескертпе айтып, кадрлық шешімдер қабылдауға тура келуі мүмкін екенін жеткізді. 

«Біздің басты стратегиялық мақсатымыз сапалы экономикалық өсім қарқынын бәсеңдетпеу. Осы мақсатта инфляцияны төмендетуге бағытталған жұмыстар басталды, жаңа инвестициялық кезең жарияланды, сондай-ақ өзге де шешімдер қабылданып жатыр», деді Мемлекет басшысы. 

Президент Ассамблея мен Ұлттық құрылтай орнына Халық кеңесін құруды ұсынды

Президент экономика мен бизнес жаңа салық режиміне көшіп жатқанын және Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бұл кезеңді қалыпты өткізу міндетін қойды.

«Жаңа Салық кодексін қолдануға қатысты қоғам тарапынан айтылған барлық орынды, сындарлы ұсынысты мұқият зерделеп, қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізу қажет.

Қоғам трансформациясы кезінде тиімді кері байланыстың орны айрықша маңызды. Азаматтардың өтінішімен жүйелі жұмыс жүргізу қоғамның тынысын дөп басып, олардың нақты қажеттіліктерін білуге және халықтың үміт-тілектеріне дер кезінде жауап қатуға мүмкіндік береді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Партиялардың Парламентке өту межесі 5 пайыз болып қала бере ме?

Сонымен қатар Мемлекет басшысы кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың басында болған жағдайға да аса мән берді. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізі мәселесіне қатысты пікір білдіріп, оны сақтау бүкіл адамзат үшін өзекті міндет екенін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05

Құнарлы өнімге сұраныс жоғары

Экономика • Бүгін, 08:55

Автобус паркі жаңартылды

Аймақтар • Бүгін, 08:48