м
Қоғам • 14 Ақпан, 2026
«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Қостанай облыстық мәслихат депутаттары «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының жұмысшыларымен кездесті. Халық қалаулылары Конституцияның жаңа жобасы туралы өз ойларын ортаға салып, көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Оқиға • 14 Ақпан, 2026
Алматылық жас инженерлер халықаралық додада топ жарды
Астанада 10-13 ақпан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында өткен «FIRST Robotics – Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026» халықаралық фестивалінде жас инженерлер еліміздің намысын қорғап, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Ақпан, 2026
Жапонияны мойындатқан жалғыз қазақ: Ерсін Балтағұл Астанада жанкүйерлерімен кездесу өткізеді
2026 жылғы 15 ақпан күні сағат 15.00-де Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында кәсіби сумо шебері Ерсін Балтағұлмен кездесу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 14 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: 14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының сегізінші жарыс күні 14 ақпанда Қазақстан спортшылары алты спорт түрі бойынша сынға түседі. Жарыстар Милан, Кортина-д’Ампеццо және Италияның өзге де солтүстік қалаларында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 14 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Ақпан, 2026
Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Үндістанның Дели қаласында өткен оқ атудан Азия чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын және күміс медальдар қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Бүгін, 13 ақпан күні Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсете алатын, заманау үлгідегі Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының ғимаратының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 13 Ақпан, 2026
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында биатлоннан ерлер арасындағы спринт жарысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматының денсаулық сақтау саласына қызмет ететін 32 жаңа нысанның құрылысы мен 14 медициналық мекемені жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бүгін осы жобалардың жайы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 13 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Бүгін Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров еркін сырғанаудан өз өнерін көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Қазақстанда мұнай іздеу географиясы кеңеюі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Ақпан, 2026
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Кеше Алматы қаласының Бостандық ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл шешім «Көкшоқы» шағын ауданы, «Алма» тұрғын үй кешені және оған іргелес үйлерде ауызсудың болмауына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Бүгін Maqsut Narikbayev University қабырғасында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері мен оқу орны базасында құрылған Студенттер Ассамблеясы мүшелерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 13 Ақпан, 2026
Vogue Italia Михаил Шайдоровтың костюмін таңдаулылар қатарына қосты
Vogue Italia журналының ғаламтордағы нұсқасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарын ең сәнді жарыстардың қатарына қосып, спортшылардың ең таңдаулы киім үлгілеріне арнайы шолу жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды
Бүгін Ақтау қаласында жаңа облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Нысанның құрылысы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 13 Ақпан, 2026
Алматылық ғалымдар өндіріс қалдықтарынан құрылыс материалдарын әзірлеп жатыр
Алматы қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары ғылым көрмесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2026
Астаналық құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды
Бүгін сағат 15:30 шамасында Төтенше жағдайлар қызметіне астаналық азамат көпірден секіруге бекінгенін хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Шымкентте «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалиция құрылды. Коалицияның негізгі міндеті – референдумға шығарылған өзгерістерді тұрғындарға кеңінен түсіндіру, ашық әрі мазмұнды қоғамдық диалогты қамтамасыз ету және азаматтардың науқанға саналы түрде қатысуына жағдай жасау, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Ақпан, 2026
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Биыл Қазақстанда перспективалық 20-дан астам мұнай және газ учаскесі аукционға шығарылмақ. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қазақстанның МПС Геология комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қанат Ерубаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Ақпан, 2026
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы нақты уақыт режимінде ел ішіндегі және шетелдегі, оның ішінде ел азаматтары жиі баратын мемлекеттердегі эпидемиологиялық ахуалды бақылауға мүмкіндік беретін онлайн-картаны іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 13 Ақпан, 2026
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалары, оның ішінде білім саласындағы бюджетті үнемдеу мақсатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлік білім басқармалары мен аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен онлайн кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды
Бүгін Түркістан облысы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы құрылды. Бұл конституциялық реформаларды қолдау және халыққа кеңінен түсіндіру бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Ақпан, 2026
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Әлеуметтік желілерде «әскерден босату» немесе «ақ билет» алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы тарап жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім ел заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясы тарапынан қабылданатын ескертіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қазақстанда метеорологиялық болжаудың жаңа кезеңі басталды. «Қазгидромет» еліміздің бүкіл аумағын қамтитын, кеңістіктік ажыратымдылығы 2 шақырым болатын заманауи сандық модельді іске қосты. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің суперкомпьютерлік орталығы базасында жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 13 Ақпан, 2026
24 айдың жұмысы 11 айда бітті: Алматы метросының жаңа Қалқаман бекеті қашан іске қосылады?
Алматыда «Бауыржан Момышұлы» метро бекеті мен салынып жатқан «Қалқаман» бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метрді құрайтын оң бағыттағы тоннельдің қазу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Ақпан, 2026
Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша ауа сапасын тексерді. Мамандар атмосфералық ауаның 47 520 сынамасын алып, 5 427 сынамада немесе 11,4% ауытқулар бар екені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 13 Ақпан, 2026
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты
Алматыға 2025 жылдың 9 айы ішінде шамамен 1,87 млн адам келген (былтырғыдан 8% артық). Қалалық Туризм басқармасының өкілдерінің айтуынша, олардың 563 мыңнан астам шетелдік, ал 1,3 миллионы ішкі турист, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Алматыда мәдениет және өнер қайраткерлерімен өткен кездесуде Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшесі Аида Балаева жаңа Конституция жобасының мән-маңызына тоқталып, бұл құжат елдің болашағын айқындайтын тарихи шешім екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Ақпан, 2026
«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның 2025 жылы атқарған жұмысы мен биылғы міндеттері жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 13 Ақпан, 2026
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі ислам әлемінің мәдени қазынасы ретінде халықаралық деңгейде мойындалды. 11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында ұлттық ою-өрнекті беделді тізімге енгізу туралы шешім қабылданды. Қуанышты хабарды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сүйіншіледі, деп жазады Egemen.kz.