Оқиға • Бүгін, 16:50

Астаналық құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 15:30 шамасында Төтенше жағдайлар қызметіне астаналық азамат көпірден секіруге бекінгенін хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.

Астаналық құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды

Фото: ТЖМ

Құтқару қызметінің диспетчері кәсібилік пен ұстамдылық танытып, шұғыл қызметтер оқиға орнына жеткенше ер адаммен үздіксіз сөйлесіп, оны қатерлі қадамнан тежеп тұрған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жағдайды дереу бағамдап, альпинистік жабдықтардың көмегімен 1993 жылы туған ер адамды көпір конструкцияларынан қауіпсіз жерге түсірген.

Қарағандыда құтқарушылар терезе алдында отырған баланы аман алып қалды

Одан кейін құтқарылған азамат медицина мамандары мен полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Құтқарушылар биіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Соңғы жаңалықтар