алма
Төтенше жағдай • 04 Қаңтар, 2026
Алматы облысында суға батып кеткен төрт баланың бірі қаза тапты
Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылында 4 жасөспірім суға батып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Қаңтар, 2026
Алматы облысында 89 млрд теңгеге жемшөп өндіретін зауыт салынады
Президенттің Алматы облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде үй жануарларына арналған дайын жем өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қаңтар, 2026
88 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында үй жануарларына арналған ірі азық зауыты салынады
Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы облысында халықаралық деңгейдегі жаңа зауыт бой көтереді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 01 Қаңтар, 2026
Алматыда 12 қабатты үйден өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелері Бостандық ауданы Рысқұлбеков көшесіндегі пәтердегі өртті сөндірді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 01 Қаңтар, 2026
Алматының ботаникалық бағына кіру билеттерінің бағасы өсті
Алматының ботаникалық бағы қосымша құн салығына байланысты кіру билеттерінің бағасын өсірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Қоғамдық көлікте шу шығарған ер адам қамауға алынды
Алматы облысында жүріп келе жатқан автобуста жас жолаушыға дөрекілік көрсетіп және провокациялық әрекет қылған адамның кім екені анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2025
Алматыда археологиялық көрме ашылды
Ұлттық Орталық музейде «Дала өрнектерімен өрілген металл бұйымдар» атты көрме ашылды. Музейдің археология қорынан алынған артефактілер көшпелі және қалалық мәдениеттің материалдық, рухани дәстүрлерінің әр қилы аспектілерін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2025
Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Жиында қаладағы ауа сапасын жақсарту мәселесі талқыланды. Шаһар әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелер аясында Алматы мен оның жекелеген аумақтарына ақылы кіру тәртібін енгізу жоспарланбағанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Алматыда офицерлер цифрлық байланыс құралдарын меңгерді
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында алғаш рет Қарулы күштер байланыс бөлімшелерінің 11 офицеріне арналған курстық дайындық ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 30 Желтоқсан, 2025
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жатақханалар бой көтереді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында студенттерге арналған 5000 орындық жаңа жатақханалар құрылысының капсуласын салу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Алматыда «Сергек» камераларының саны артады
Алматы қаласының билігі жол қозғалысын бақылау камералары қызметін көрсететін жеткізушіні ауыстырмау жөнінде шешім қабылдады. «Сергек» жүйесі қалада жыл соңына дейін жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Желтоқсан, 2025
Алматыда тегін ем-дом жүргізілетін кеселдердің тізімі ұлғайды
Алдағы 2026 жылдан бастап Алматыда әлеуметтік маңызға ие тағы да 11 түрлі кеселді анықтау, бақылау мен емдеу жағы сақтандырылған, сақтандырылмағанына қарамастан тегін болады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында жаңа клиника жұмысын бастады
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 324 маман қамтылған және заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған жаңа емхана бой көтерді. Нысанның ашылу салтанатына басқарма басшылары, жергілікті атқарушы органдар және медицина саласының ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Қырғызстан билігі экс-президент Атамбаевты мемлекеттік наградаларынан айырды
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров сот үкіміне сәйкес бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевты бірқатар жоғары мемлекеттік наградадан айыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл шешім 2025 жылғы 3 маусымда Бішкектің Первомай аудандық соты шығарған үкімді орындау аясында қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 28 Желтоқсан, 2025
Қазақ жұрты актер Нұрлан Сегізбаевты соңғы сапарға шығарып салды
Алматы жұртшылығы қазақ киносы арқылы жалпы халықтың жүрегінен орын алған актер Нұрлан Сегізбаевты Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратынан ақтық сапарға шығарып салды. Өнерімен көрермен көңілінде қалған азаматтың жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті
Алматыдағы Балуан шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті. Сол жарыста Қазақстанның бірқатар былғары қолғап шеберлері алыс-жақын шет мемлекеттерден келген спортшылармен күш сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда тауда жоғалған тағы екі адамның денесі табылды
Алматының Медеу ауданында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар теңіз деңгейінен шамамен 3 700 метр биіктікте орналасқан «Локомотив» шыңы маңынан екі адамның мәйітін тапты. Бұған дейін осы топтағы тағы бір адамның қаза тапқаны анықталған еді. Осылайша, оқиға салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда 60 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесімен қосымша қамтылады
2026 жылдан бастап Алматы қаласында бұрын сақтандырылмаған 60 мыңнан астам тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жергілікті бюджет есебінен қосымша енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Мұхамеджан Ильяс Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2025
Қонаевта «Хан Тәңірі», «Самғау», «Заңғар» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды
Қонаев қаласының мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға жыл бойы табанды еңбек еткен, толағай табысқа жеткен үздік спортшылар, қаламы жүрдек журналистер және өз саласының көшбасшысы атанған жалынды жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 26 Желтоқсан, 2025
Алматы тауларында үш адам жоғалды: бір адамның мәйіті табылды
26 желтоқсанда Алматы қаласы ТЖД-ның 112 пультіне әйел адамнан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, ағасы екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалған азаматтардың ұялы телефондары 12 сағаттан астам уақыт бойы өшірулі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Алматыда 60 мыңдай адам бюджет есебінен сақтандырылады
Алдағы 2026 жылдан бастап табысы төменгі күнкөріс шегіне жетпейтін тұрғындар мен ресми тіркелген жұмыссыздар үшін сақтандыру жарнасын жергілікті әкімдіктер төлейтін болды. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қалалық филиал директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Алматыда биыл 20 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Биыл қаңтар айынан бастап NEET санатындағы жастардың үлесі 6,4-тен 5,8 пайызға дейін азайып, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі былтырмен салыстырғанда 4,1 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды
Мюнхен – Бейжің бағытындағы Lufthansa авиакомпаниясының рейсінде жолаушы көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты әуе кемесі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды
34 жастағы ер адам жүрек трансплантациясын күтіп республикалық тізімде тұрған екен. Ота – 5 сағаттан астам уақытқа созылып, сәтті аяқталған. Мұндай ота – Алматы қалалық кардиологиялық орталығында (ҚКО) алғаш рет жасалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Желтоқсан, 2025
Алматы қаласында болған тұрмыстық жанжалға байланысты тексеру нәтижесінде тараптардың бір-біріне жеңіл дене күшін қолданғаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 25 Желтоқсан, 2025
Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті
Алматыда «Жаңа жыл елімізді аралап келеді» атты дәстүрлі жаңа жылдық Президент шыршасы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 25 Желтоқсан, 2025
Жоғары оқу орнында өзіне-өзі қызмет көрсететін кітапхана ашылды
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлық трансформациялаудың жарқын үлгісіне айналды. Бұған дейін мұндай технологиялар тек қалалық деңгейде ғана қолданылса, енді инновациялық стандарт университете білім алып жүрген студенттер мен оқытушылар үшін қолжетімді болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Алматы жылу электр орталықтарының толығымен газға көшірілетін уақыты белгілі болды
Алматының ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жылу электр орталықтарын көмірден газға көшіру жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы осыдан бірер апта бұрын Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім қылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Алматы метросы 2040 жылы қай аумақтарды қамтиды?
Алматы әкімдігі қаланың 2040 жылға дейінгі дамуының бас жоспарын таныстырды. Құжаттағы ең маңызды жаңалықтың бірі – метрополитен желісінің ауқымды түрде кеңеюі. Қоғамдық талқылаулар 24-26 желтоқсан аралығында өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 24 Желтоқсан, 2025
Алматыда үлкен айналма метро желісі мен LRT іске қосылуы мүмкін
Алматының бас жоспарында мегаполис аумағын және оған іргелес елді мекендерді қамтитын үлкен айналма метро желісін салу, сондай-ақ жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін іске қосу қарастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.