у
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды
34 жастағы ер адам жүрек трансплантациясын күтіп республикалық тізімде тұрған екен. Ота – 5 сағаттан астам уақытқа созылып, сәтті аяқталған. Мұндай ота – Алматы қалалық кардиологиялық орталығында (ҚКО) алғаш рет жасалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Шымкент әуежайы авиаотын бағасын қолдан өсірген
Шымкентте жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғандарға 52 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Соның ішінде «Шымкент әуежайы» АҚ авиаотын нарығында монополиялық жоғары баға белгілегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Қолайсыз ауа райы мен ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 26 желтоқсанда Қостанай облысының бірқатар қаласы мен ауданында оқушылар қашықтан оқу форматына ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Желтоқсан, 2025
Бүгін елімізде аяз, бұрқасын күтіледі
«Қазгидромет» РМК 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Желтоқсан, 2025
Шығыстағы екі облыста жол жабылды
ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Екібастұзда жеке компания домофон тарифін негізсіз көтерген
Кеншілер қаласында биылғы мамыр айынан домофон қызметі үшін төлем 550 теңгеден 700 теңгеге өсіп кеткен. Монополияға қарсы ведомство тарифтің негізсіз көтерілгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Қандай аумақта отшашуды атуға тыйым салынады?
Бүгін Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев жаңа жыл мерекесі қарсаңында үй-жайда шырша орнату мен отшашу ұйымдастыру тәртібін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 25 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның үздік футболшылары кімдер?
Танымал Sofascore порталы 2025 жылдың қорытындысы бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен Қазақстан футболшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Желтоқсан, 2025
«Мәскеу көз жасыңа сенбейді» фильмінің жұлдызы Вера Алентова қайтыс болды
«Мәскеу көз жасыңа сенбейді» фильмі арқылы миллиондардың сүйіктісіне айналған Ресейдің халық әртісі Вера Алентова қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Президент: Биыл 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халықаралық кездесулердің нәтижесін баяндады. Мемлекет басшысы аталған келіссөздердің нәтижесінде жалпы құны 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылғанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Президент: Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады
Бұл туралы Президент Жамбыл облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Тараздағы әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімі беріледі
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесіп, Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Кездесуде Президент Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
Шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау неге нәтиже бермей отыр?
Үкімет барлық кәсіпкерлерге бей-берекет қолдау көрсетуден бас тартып, бизнес үшін әділ жағдай жасауға назар аударуы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеп, шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың неге нәтиже бермей отырғанын түсіндіріп айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы ресми түрде берілді
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесіп, Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Желтоқсан, 2025
Абай облысында 500 балаға арналған Оқушылар сарайы ашылды
Абай елінің аспанға лақтырған бөркі жерге түскен жоқ. Айналасы бір аптада бірнеше аса қат нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Шын мәнінде облыс орталығы – қарт Семейдің бойына қан жүргендей, түлей түсті. Соның бірі – Оқушылар сарайы.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
Ел экономикасындағы 10 айшықты көрсеткіш анықталды
Бүгін Үкіметтің баспасөз қызметі ел экономикасының әр саласындағы іргелі жетістіктердің үздік ондығын жариялады. Қорытынды кестеге сүйенсек, тұрғын үй, өндіріс және ауыл шаруашылығы саласында елеулі табыстар тіркелген. Ал жалпы ел экономикасы 6,4%-ға өскен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Елімізде полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиында мереке күндеріндегі қауіпсіздік шаралары пысықталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды
Елордада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Тағзым • 25 Желтоқсан, 2025
Бауыржан Момышұлының мерейтойына арналған ұшу оқу-жаттығулары өтті
Қарулы күштердің әскери авиациялық базаларында қазақтың ұлы перзенті, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ауқымды оқу-жаттығу ұшулары өтті. Басты ерекшелігі – әуе кемелерінің Астана, Тараз, Балқаш, Жетіген, Қарағанды, Шымкент, Талдықорған, Ақтау қалаларындағы әскери әуеайлақтардан бір мезетте көкке көтерілуі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұланда Бауыржан есімді 249 әскери қызметші бар
Биыл аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл. Қазір Ұлттық ұлан қатарында Бауыржан есімді 249 әскери қызметші Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Бұл есім еліміздің тарихында да, әскери дәстүрде де ерліктің, ар-намыстың, сондай-ақ Отанға қалтқысыз қызмет етудің нышанына айналған.
Қаржы • 25 Желтоқсан, 2025
Жаңа Салық кодексі күшіне енсе оқу ақысы қымбаттауы мүмкін бе?
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Сенатта өткен брифинг барысында жаңа Салық кодексі жоғары оқу орындарындағы білім беру құнына әсер ете ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
2026 жылдан бастап көлікті тіркеу ақысы қалай өзгереді?
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңге болып белгіленуіне байланысты, автомобильдер мен коммерциялық техниканы алғашқы тіркеу алымының құны өседі. Төлем мөлшері көліктің қозғалтқыш түріне және зауыттан шыққан жылына тікелей байланысты болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
Тұрақтандыру қорлары неге бағаны ұстай алмады?
Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі жөніндегі есеп талқыланды. Онда бизнесті субсидиялау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және осы бағыттағы мемлекеттік тетіктердің нақты нәтижесі сарапқа салынды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2025
Еліміздің 13 облысында жол қозғалысы қиындайды
25 желтоқсанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында жаңбыр аралас қар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
«Келешек мектептері»: Сауранда 3 заманауи мектеп пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлерде сапалы білім алуға тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған. Осы ұлттық жоба аясында Түркістан облысында 29 жаңа мектеп салынса, оның ішінде Сауран ауданында үш заманауи мектеп пайдалануға беріліп, балалар мен ұстаздар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасы қалыптасты.
Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, солтүстік және батыс аймақтарында ауа температурасының күрт төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 25 Желтоқсан, 2025
Азаттық күрескерінің ағартушылық жолы: Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл
Ұлт-азаттық қозғалысының белсенді қатысушысы, биыл туғанына 145 жыл толып отырған Қоңырқожа Қожықұлы ең әуелі өзін жаңашыл мұғалім, табанды жәдитші ретінде танытқан-тұғын. Ол 1880 жылы Ресей империясына қарасты Түркістан өлкесі Перовск уезінің Хан ауылында (қазіргі Қызылорда облысының Сырдария ауданында) дүниеге келген.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік нысандар халыққа қолжетімді болуға тиіс
Президент әлеуметтік нысандардың халыққа қолжетімді болуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Атырау көшелеріне майдангерлер мен полицейлердің есімі берілді
Атырау қаласындағы көшелер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер мен жұмыс кезінде көз жұмған полицейлердің есімімен аталатын болды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Желтоқсан, 2025
Астанада музейлердің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталы таныстырылды
Ұлттық музейде E-museum порталының презентациясы өтті. Жоба еліміздегі музейлердің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру мақсатында, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.