Фото: ашық дереккөз
Жас жігіт Петропавлда сауда орталығындағы кинотеатрда аниматор болып жұмыс істеген. Қайғылы жағдай кезінде үйінде анасы болған.
Жергілікті полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«18 ақпанда Петропавлда 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», делінген Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.