Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Сәтбаев қаласында индустриялық аймақ құрылады
Сәтбаев қаласында экономиканы әртараптандыруға, тиімділігі жоғары өндірістерді дамытуға, ішкі-сыртқы инвестицияларды тартуға бағытталған республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың құрылысы басталды.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Сөз бен саз құстың қос қанатындай бірін-бірі толықтырып, егіз қозыдай жамырасып-жарасып жатса, туындыгер мұратының орындалғаны емес пе? Өлеңнен өзіне тән өрнек іздеген Олжас Отар бойына сөз бен саз қуатын қатар қондырып, көптің ықыласына бөленіп жүрген жан. Оны жұрт эстрададағы ел жүрегіне жол тапқан танымал ән мәтіндерінің авторы ретінде, айтыс сахнасында орамды ой айтқан ақын ретінде біледі.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
ЖИ камералары тәртіпке жәрдемші
Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында цифрлық технологияларды енгізу кейінгі жылдары айтарлықтай жанданды. Өңірдің полиция департаменті заманауи талаптарға сай ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Бүгінде құқық қорғау саласындағы жұмыстарды жеделдететін құралдар іске қосылып жатыр.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Кейінгі жылдары елімізде кітап шығару мәдениеті ілгерілеп келеді. Жақында бұған көзіміз тағы бір жетті. Көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахмановтың 10 томдық шығармалар жинағының мазмұн байлығын, құрылымдық сипатын, жарияланған еңбектердің тақырыптық түзілісін, ғылыми ақпаратының дәлдігін былай қойғанда, таза баспа туындысы ретіндегі деңгейі де жоғары екен. Көздің жауын алады. Қолымызға тиген сол қазынамен танысып шыққаннан кейін қадірлі ағамен хабарласып, жаңа басылым жайында әңгіме құруға асықтық.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Биыл Астанада күз мезгілі әдеттегіден жылы болып тұр. Алғашқы қар кеш түсті, дедектетіп, дегбіріңді қашыратын аязды күндер де бастала қоймады. Бір қызығы, қарашада түскен қар 10 күн тоқтамай, бір айлық нормадан асатын жауын-шашынды үйіп-төгіп бере салды. Қолайсыз ауа райына қарамастан қаланың тазалығына жауапты жұмысшылар күшейтілген режімге ауысып, түнгі уақытта да тыным таппай еңбек етті.
Руханият • 26 Қараша, 2025
Қоңыр дауысы құлағымнан кетпейді
Көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының өлеңдерін бала күнімнен құмартып оқыдым. Алайда айтулы тұлғаны алғаш жүзбе-жүз бұрынғы Президент мәдениет орталығынан көрдім. Онда мен «Мәдени мұра» журналында істеймін. Ол кісі де сонда қызмет атқарды. Кабинетіміз қатар орналасқан. Күнде сәлем беремін. Мінезі ашық, алды кең адам. Кейде бөлмесіне шақырып, әңгімеге тартады. Жаңа өлеңдерін оқиды. Кейін С.Сейфуллин музейіне директор болып барды. Сонда қарамағында істедім. Осы жылдары ағалы-інілідей өте жақын араластым.
Спорт • 26 Қараша, 2025
Қарасайлық көкпаршылар дара шықты
Қарасай ауданында Алматы облысы әкімінің кубогіне арналған ересектер арасындағы командалық көкпар лигасының «Батыс өңірлік кезеңі» өтті. Салтанатты іс-шара шымылдығы ұлттық би ансамблі мен жергілікті өнерпаздардың ұлттық рухты аспандатқан концерттік бағдарламасымен басталды.
Ғалам ғажаптары • 26 Қараша, 2025
«Lumia» компаниясы алты жылдық зерттеуден кейін ерекше денсаулық гаджетін ұсынды. Пішіні кәдімгі сәнді сырға. Ал гаджет қан айналымын өлшей алатын шағын зертхана ретінде жұмыс істейді.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Атырау облысында қараша басталғалы жедел респираторлық вирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші өсіп тұр. Мәселен, 1–20 қараша аралығында ЖРВИ жұқтыруға байланысты 32 мыңнан астам дерек тіркелді.
Ғалам ғажаптары • 26 Қараша, 2025
Финляндиялық Лукас есімді инженер алты-ақ айдың ішінде «Helios 11» деп аталатын күнпанельді яхтаны құрастырып шықты.
Білім • 26 Қараша, 2025
Әлемге әйгілі Стэнфорд университетіне оқуға түсу – дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жастың арманы. Сол арманға жетіп қана қоймай, оқу орнынан ғылыми жұмыстарына қаржылай қолдау алу – үлкен жетістік.
Руханият • 26 Қараша, 2025
Түркі музыка аспаптарының құдіреті
Астанада «Тамыр мен үн: түркі музыкалық аспаптарын жасау дәстүрлері мен заманауи шешімдер» атты халықаралық симпозиум өтті. Симпозиумды Астана қаласы әкімдігі мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры бірлесіп, «Әлем әуені» халықаралық өнер фестивалі аясында ұйымдастырды.
Саясат • 26 Қараша, 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гелдимырадовпен кездесті.
Егемен Қазақстан • 26 Қараша, 2025
«Egemen Qazaqstan»-ға жазылдыңыз ба?
Мен – еңбек ардагерімін. Жасым тоқсанға бет бұрды. Аз жас емес. Өмір шіркін жүйткіп барады. Шүкір, заман тыныш, еліміздің алға қарыштап қадам басқанын көру – қандай бақыт. Қырық жылдан аса еңбек етіп, зейнетке шықтым. Ұрпақ өсіріп, немере құшағындамын.
Саясат • 26 Қараша, 2025
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың «Шелл» концернінің аға вице-президенті, Қазақстандағы төрағасы Сюзанн Куганмен кездесуі өтті. Кездесу барысында еліміздің мұнай-газ секторындағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып саналатын компания арасындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Саясат • 26 Қараша, 2025
Қазақстан – Түрікменстан: Ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашылды
«Ақорда» резиденциясында Президент елімізге мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президентін қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң, Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Бұдан соң Мемлекет басшылары келіссөз залына өтті.
Ауа райы • 26 Қараша, 2025
15 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет» РМК сәрсенбі күні елдің 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Атырауда тышқанның көбеюіне байланысты арнайы комиссия құрылды
Атырау облысындағы Махамбет ауданында тышқан тұқымдас кеміргіштер көбейіп тұр. Мұндай дерек Атырау қаласына таяу орналасқан ауылдарда да байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Солтүстік Қазақстан облысында күн сайын 200-ден астам тәртіп бұзылады
Солтүстік Қазақстан облысында Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Юрий Клыковтың айтуына қарағанда соңғы 6 күнде 1400 рет Жол тәртібі бұзылған. Бұл күніне 233 рет тәртіп бұзылған деген сөз деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Қостанай облысында мұқтаж азаматтар үшін 547 пәтер сатып алынды
Биыл Қостанай облысында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 547 пәтер сатып алынды. Өткен жылы өңірде жергілікті бюджет есебінен 940 отбасы баспаналы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Рудныйда ономастикаға қатысты жиында бұзақылық жасаған әйел жауапкершілікке тартылды
Полиция Рудный қаласының тұрғынына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Қараша, 2025
Алматы облысында әкесі қызын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
Алматы облысында 15 жастағы қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 25 Қараша, 2025
Жамбыл өңірінде құс етін өңдейтін ірі зауыт іске қосылды
Ірі жобаға «Алель Агро» акционерлік қоғамы 19,8 млрд теңге инвестиция құйған. Инвестициялық жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, өңдеуді тереңдету және қайта өңделген өнім үлесін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 25 Қараша, 2025
Биыл елімізде нәресте өлімі 20 %-ға жуық төмендеді
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев еліміздің нәрестелер өлімін төмендетудегі елеулі ілгерілеуі туралы хабарлады.
Медицина • 25 Қараша, 2025
Қазақстанда обырдан сауығу көрсеткіші артып келеді
Қазақстанда онкологиямен ауыратын пациенттердің бес жылдық өмір сүру шегі алғаш рет 65%-ға жетіп, жоспарлы көрсеткіштен 58%-ға асып, соңғы жылдары үздік нәтижеге айналды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 25 Қараша, 2025
Бірқатар онкологиялық препараттардың құны 40 %-ға дейін төмендеді
Онкологиядағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесінде бірқатар обырға қарсы препараттардың құнын 40%-дан астамға төмендетуге мүмкіндік туды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Қазақ онкология және радиология ғылыми институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамедов.
Алматы • 25 Қараша, 2025
Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы акция басталды
Қарашаның 25-і әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні. Осыған байланысты алматылық полицейлер кешенді шараларды қолға алып отыр. Медеу аудандық Полиция басқармасында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» республикалық акциясы бастау алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Биыл Абай облысына 500-ге жуық адам қоныс аударды
2025 жылға арналған ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы асында Абай облысына 499 адамға квота бекітілген. Оның 244-і қандастар, 255-і жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар, деп жазады Egemen.kz.
Ипотека • 25 Қараша, 2025
Ислам ипотекалық қаржыландыруды тежеген салық шектеулерінің беталысы қандай?
Үкімет Президенттің тапсырмасын орындай отырып, ислам банкингін енгізуді жеделдете отырып, құрылыс компаниялары мен ипотекалық бағдарламаларды қолдауға 500 миллиард теңге бөледі, деп жазады деп жазады Egemen.kz
Төтенше жағдай • 25 Қараша, 2025
Атырау облысында жылыту маусымы басталғалы 25 өрт тіркелді
Атырау облысында 1 қазаннан бері 25 өрт оқиғасы тіркеліп, 1 адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.