Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Петропавлдағы дүкен тауардың бағасын рубльмен көрсеткен
Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының тұрғыны баға белгілеу заңнамасының бұзылуына байланысты Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімінің шағымынан кейін Үкіметке ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қараша, 2025
Астанада «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясы аясында дөңгелек үстел өтті
Президент • 28 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Ақорда.
Денсаулық • 28 Қараша, 2025
Астаналық студенттер өкпе обырын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты
Жақында Парижде өткен халықаралық «iGEM» байқауында Nazarbayev University студенттерінің командасы синтетикалық биология саласындағы алтын медаль мен «Best Entrepreneurship» арнайы жүлдесін жеңіп алып, әлемнің ең үздік жас биоинженерлері қатарына қосылды. Байқауда дүниежүзінің әр түкпірінен келген 7 мыңнан астам қатысушы мен 420-дан аса команда бақ сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 28 Қараша, 2025
«Тайталас тағдыр» кітабы таныстырылды
Алматыдағы Ұлттық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі, Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұловтың «Тайталас-тағдыр» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті
Кездесуге 8 жасқа дейінгі санатта әлем чемпиондары атанған Әдинұр Әділбек пен Алиша Бисалиева, 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуандықұлы, 14 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген Марк Смирнов, 16 жасқа дейінгі санат бойынша әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Эдгар Мамедов, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген Сауат Нұрғалиев қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 28 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қолдауын жоғары бағалады, деп хабарлайды Ақорда.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Кәсіпкерлер Абай ауылындағы мектептің едені мен терезесін жаңартып берді
Қарқаралы ауданының Абай ауылында туып-өскен кәсіпкерлер «Туған жерге тағзым» жобасы аясында туған өлкесін қолдауды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Natige компаниясының басшысы Ерлан Әшім мен Toi Grand мейрамханасының иесі Ербол Қайса ауылына жыл сайын көмек береді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Ақтауда ТҮРКСОЙ елдерінің мәдениет министрлері бас қосты. Қандай мәселе талқыланды?
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жетекшілігімен Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті. Жиында Әзербайжандағы Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде жарияланған қорытынды құжаттар мен ТҮРКСОЙ елдері президенттерінің тапсырмалары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 28 Қараша, 2025
Астанада сазгер Дулат Айтжановтың шығармашылық кеші өтті
Еліміздегі Композиторлар одағының мүшесі, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі, республикалық ән байқауларының жүлдегері, биыл ғана 45 жасқа толған Дулат Айтжановтың ән кеші өтті. Ақтөбелік сазгердің кеші батыр қыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Әлия – дастан» деп аталды. Елордадағы концерт аншлагпен өтті.
Экономика • 28 Қараша, 2025
Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме туралы шешімінен кейін доллар күрт арзандады
Бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде сақтау туралы шешімін жариялады. Осы қадамнан кейін АҚШ ақшасы 4,25 теңгеге арзандады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Ғаламдық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік талқыланды
Астанада осы айдың 27-28 күндері «QazBioPharm» ұлттық холдингі ұйымдастырған «Биологиялық қауіпсіздік жаһандық қатерлер жағдайында: қарсы іс-қимылдың ғылыми-технологиялық тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Ресей, Франция елдерінің ғалымдары мен ветеринариялық сала мамандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 28 Қараша, 2025
Өңірлердегі кадр тапшылығы мәселесі қалай шешіледі?
Бүгін Астана қаласындағы «Конгресс орталығы» ғимаратында Мемлекет басшысының қатысуымен «Ауыл әкімдерінің диалог алаңы» тақырыбында республикалық форум өтті. Форум аясында «Клиентке бағдарланған сервистік мемлекеттік қызмет: диалог, кәсібилік, ашықтық» тақырыбындағы арнайы панельдік сессия ұйымдастырылып, жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқарудың сапасын арттырудың түйткілді мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның Астанаға сапары екіжақты күн тәртібіне тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Қара жұма: жеңілдік пе, алдау ма?
Сауда желілері мен онлайн-платформалар маркетингтік тәсілдердің тұтас арсеналын пайдаланады. Жарқын баннерлер, уақыт жағынан шектелген акциялар және «жылдың ең жақсы бағасын» уәде ету шұғыл иллюзияны тудырады. Нәтижесінде, көбі бақылаудан айырылып, сатып алуды жоспарламаған тауарларды сатып алады, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпкер • 28 Қараша, 2025
«Атамекен» ҚР ҰКП Съезі 2026 жылғы 23 қаңтарда өтеді
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) ҚР ҰКП Төралқасы ҚР ҰКП Съезін шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Әлем • 28 Қараша, 2025
128 адам қаза тапты: Гонконгтегі тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндірілді
Гонконгтегі тұрғын үй кешеніндегі жойқын өрт толық сөндірілді. Жергілікті билік жалпы 128 адамның қаза тапқанын растады. Олардың ішінде бір өрт сөндіруші бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Қарағандыда жүрекке инновациялық ота жасала бастады
Қарағандының №2 көпсалалы ауруханасында жүрекішілік ультрадыбыстық датчик қолдану бойынша шеберлік сабағы өтті. Бұған дейін мұндай оталар кезінде дәрігерлер рентген-навигацияны қолдануға мәжбүр болатын, соның салдарынан мамандар да, емделушілер де айтарлықтай сәулеленуге шалдығатын, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қараша, 2025
Үкімет астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөлді
Аталған қаражатты көлік шығыстарын субсидиялаудың қолданыстағы бағдарламасы бойынша мемлекеттің міндеттемелерін толық орындауға, сондай-ақ басым назардағы шетелдік нарықтарға жеткізуді одан әрі ынталандыруға бағыттау жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Ел тұрғындары желтоқсан айында қанша күн демалады?
Желтоқсан айында 5 күндік жұмыс аптасымен жасайтындар 9 демалыс күнін және 22 жұмыс күнін өткізеді. Ал 6 күндік жұмыс режиміндегі тұрғындарда 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні болады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Қараша, 2025
Инфекциялық ауруларға шалдығатындар көбейді. Себебі неде?
Соңғы жылдары елімізде кей инфекциялық аурулармен сырқаттанушылар саны артқан. Ұлттық статистика бюросының 2019 және 2024 жылдар аралығында 100 мың тұрғынға шаққандағы жүргізген есебінше, көкжөтел жұқтырғандар – 19 есе, скарлатина ауруы – 5,4 есе, вирустық гепатит – 3,1 есе, қызылша – 2 есе көбейген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Қазақстанда автокөлік сатып алудың жаңа тәсілі іске қосылады
Елімізде 1 желтоқсаннан бастап автокөліктерді лизингке беру бағдарламасы іске қосылады. Индустрия министрлігі жылдық мөлшерлемені алдын ала 36%-ға дейін деп бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Елімізде көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгерді: Жүргізушілер нені білуі керек?
Абай облысының полиция департаменті хабарлағандай, елімізде 28 қарашадан бастап көлік құралдарын тіркеуге және жүргізуші куәлігін алу тәртібіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қараша, 2025
Корей прозасы тұңғыш рет қазақ тілінде жинақ ретінде жарық көрді
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Корея Республикасының Бас консулдығының қолдауымен «Жаһанға шыққан корей әңгімелері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Ең таңдаулы қысқа әңгімелер жинағы екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастық аясында қазақ тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 28 Қараша, 2025
Гимн авторының мерейтойына арналған поэзия кеші өтті
Алматыда Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде көрнекті ақын, Мемлекеттік Гимннің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Менің елім – жыр елі!» атты поэзия кеші өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, автордың ұрпақтары, студенттер мен оқушылар, сондай-ақ әдебиетсүйер қауым қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Ұлттық банк басшыларының 1,7 млрд теңге сыйақы алғаны рас па? Сүлейменов жауап берді
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Тоқаев: Әкімдер халыққа құрметпен қарап, азаматтармен ашық әңгіме жүргізуге тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, әкімдер халыққа құрметпен, шыдамдылықпен, түсіністікпен қарауға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы: Ауылды өркендету – баршаға ортақ парыз
Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында ауылға қатысты көптеген маңызды мәселе көтеріліп, нақты міндеттер айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Қараша, 2025
Тоқаев: Өркениет көшінен қалмай, технологиялық жаңғыруды жылдамдату қажет
Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан ауыл әкімдерінің диалог-платформасындағы сөйлеген сөзінде Дональд Трамп жариялаған АҚШ-тың технология саласындағы жаһандық үстемдігін қамтамасыз етуге арналған стратегиялық бастамасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.