Жасанды интеллект • Бүгін, 12:42

Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығы құрылады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында білім беру саласында шешімін күткен жүйелік мәселелер бар екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл туралы Ұлттық құрылтай отырысында айтылған ұстанымын тағы да нақтылап, түйткілдер жекеменшік білім беру ұйымдарын қолдауға да, мектептер мен жоғары оқу орындарын қаржыландыру тетіктеріне де қатысты екенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығы құрылады

Президенттің айтуынша, білім саласында «экономизация», яғни қаржыны бей-берекет жұмсамай, жүйелі әрі нәтижелі пайдалану үдерісін жалғастыру қажет. Бұл ретте балабақшадан бастап университеттерге дейінгі барлық деңгейде мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігін түбегейлі арттыруға басымдық берілуі тиіс.

Мектеп асханасы мәзірінде қант пен тұз азайтылады

Мемлекет басшысы маман даярлау ісі экономиканың нақты секторларындағы өзгерістерден, әсіресе жасанды интеллект пен жаңа технологияларды игеру қарқынынан қалып отырғанын сынға алды. Оның айтуынша, оқу бағдарламалары мен стандарттар жаңарғанша, нарықтағы мамандықтардың өзі өзгеріп кетеді.

Президент тек IT мамандарының санын көбейту немесе жалпы цифрлық дағдыларды үйрету жеткіліксіз екенін айтты. Елге жасанды интеллектіні түрлі салада тиімді қолдана алатын, нақты өндіріс пен қызмет көрсету үдерістерінде еңбек өнімділігін арттыратын кәсіби кадрлар қажет.

Еліміздегі IT мамандарының орташа жалақысы қанша?

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке нақты тапсырма жүктеді. Жетекші компаниялармен бірлесіп, мемлекет пен жеке серіктестік негізінде Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығын құру ұсынылды. Президент бұл орталықты мемлекеттік емес компаниялардың консорциумы басқарғаны дұрыс екенін атап өтті.

Астанада мектеп оқушыларының қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды

Мемлекет басшысының пікірінше, бизнес өкілдері нарық талабын жақсы біледі әрі өзгерістерге тез бейімделеді. Ал Үкімет өз кезегінде ережелерді айқындап, ашықтықты қамтамасыз етуге, сұранысты нақтылауға және тиімді шешімдердің кеңінен таралуына жағдай жасай алады.

Президент бұл қадам білім беру жүйесін экономиканың нақты қажеттіліктерімен ұштастырып, елдің технологиялық дамуына серпін береді деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар