Фото: olympic.kz
Бұл сайыстың іріктеу кезеңіне ел атынан Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко шықты.
Келесі кезеңге өту үшін іріктеу қорытындысы бойынша үздік 30 спортшының қатарына ену қажет еді. Отандастарымыз бұл межеден көріне алмады.
Нәтижесінде Дарья Ряжко 55-ші орын, Анна Мельник 58-ші орын, Надежда Степашкина 63-ші орын, ал Ксения Шалыгина 72-ші орын иеленді.
Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені швециялық Линн Сван көрсетті.
Айта кетейік, бұл сыннан бөлек ел құрамасы бүгін 5 спорт түрінен жүлдеге таласады.