Ана
Экономика • 12 Наурыз, 2026
Қазақстан ауылдарында 6 жыл ішінде 7,6 мың инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды
Елімізде аумақтардың орнықты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін Үкіметтің 2025 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен бекітілген Қазақстанның 2025-2030 жылдарға арналған Өңірлік даму тұжырымдамасы іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Жаңа форматтағы жарыс: Астанада жазда «Болашақ ойындары» өтеді
2026 жылғы 29 шілде-9 тамыз аралығында Астанада «Болашақ ойындары» спорттық фестивалі ұйымдастырылады. Шараға 50 елден 900-ден астам спортшы қатысып, жалпы 4,75 млн доллар сыйлық қоры үшін бақ сынайды. Ойындар елорданың бес спорттық аренасында өтеді. Шараға 100 000-нан астам көрермен қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 12 Наурыз, 2026
Астанада құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын сыртқа алып шыққан
Елордадағы Байқоңыр ауданындағы Тайбурыл көшесінде орналасқан ангар үлгісіндегі цех ғимаратында өрт шықты. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде сөндіріліп, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Наурыз, 2026
Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Елордада бүгін қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 11 Наурыз, 2026
15 наурызда елордалықтар автобуспен тегін қатынайды
15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты Астанада қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 11 Наурыз, 2026
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана және Алматы қалаларында ақша айырбастау орындарында доллар 492-498 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Түркістанда 3 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті
Түркістан облысының Ақниет ауылында 3 жастағы бала жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан дала дәретханасына құлап кеткен. Оқиғаны байқаған жақындары бірден құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында кейбір рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Наурыз, 2026
Биыл елімізде 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Президенттің тапсырмаларына сәйкес, азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Наурыз, 2026
Заман ілгерілеген сайын кейбір дәстүр-құндылықтар, жоралғылар ұмыт қалып барады. Соның бірі – «кіндік шеше» ұғымы. Қазақта кіндік шеше баланың екінші анасындай болған. Баланың кіндігін ырымдап ауыл-елге сыйлы, өскен-өнген әулеттің аналарына кестірген. Бүгінде сол кіндік-шешенің қызметін іс жүзінде акушер-гинекологтар атқарып келеді.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2026
Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе мен Қостанай облыстарының республикалық маңызы бар тасжолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 06 Наурыз, 2026
LRT жүйесінің кезекші қызметіне жұмысқа қабылдау басталды
City Transportation Systems (CTS) компаниясы Астана қаласында платформа кезекшісі лауазымына қызметкерлерді қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 06 Наурыз, 2026
«Бұл сөзді бұрын айтпаппын»: Ұлттық ұлан сарбаздары аналарын мерекемен құттықтады
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық ұланының сарбаздары аналарын ерекше тәсілмен құттықтады. Сарбаздарына аналарына телефон арқылы хабарласып, жүрекжарды лебіздерін жеткізуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 06 Наурыз, 2026
Бүгін қысқы Паралимпиада ойындары басталады
2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары Италияда өтеді. Бүгін басталатын байрақты бәсеке 16 наурызда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 05 Наурыз, 2026
Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады
Қостанайда «Аймақтың экономикалық дамуы: салалараралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сала басшылары, кәсіпкерлер, қаржы мекемелерінің өкілдері және облыстық мәслихат депутаттары бас қосқан жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа Конституция жобасы талқыланды. Алқалы кеңеске өңір басшысы Құмар Ақсақалов, облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Есжанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының директоры Ренат Дәулетбаев «Еуразия банк» филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршина қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды
Астана қаласында шығу тегі белгісіз және сапасы күмәнді ет өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Қала аумағында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері сауда орындарына жеткізілетін ет өнімдерінің заңды шыққан жерін анықтау және олардың ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Қарағанды облысында республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды (айналма жол арқылы) – Алматы автожолында жаңа жылдамдық өлшегіштер іске қосылды. Камералар Балқаш қаласынан Сарышаған кентіне дейінгі учаскеде орнатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Наурыз, 2026
8 наурыз мерекесіне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
Астана қаласының әкімдігі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мәдени, спорттық, әлеуметтік және қайырымдылық бағытындағы ондаған іс-шара өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы аналарға мерекеге орай 15 мың теңгеден беріледі
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облсында көпбалалы аналарға 15 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл қолдау шарасы жыл сайынғы дәстүрге айналып, облыстық бюджет есебінен жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары өтті
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Астанадағы еңбек ұжымдарымен және тұрғындармен, жастармен бірқатар мазмұнды кездесу өткізді. Ашық диалог форматында ұйымдастырылған іс-шаралардың басты тақырыбы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері және алдағы референдум болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Астанада мереке күндері CTS Орталық кассасы жұмыс істемейді
«City Transportation Systems» алдағы мереке күндеріне байланысты Орталық кассаның жұмыс кестесінде өзгерістер болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2026
Астанада көп қабатты үйден өрт шықты
Төтенше жағдайлар министрлігі елордадағы Сарайшық ауданы Т. Жүргенов көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 03 Наурыз, 2026
Астанада қар тазалауға 1 748 техника шықты
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала көшелерін, даңғылдар мен тұрғын алаптарын қар мен мұздан тазарту шаралары үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 03 Наурыз, 2026
Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды
Батыс Қазақстан облысындағы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қазақстандық филиалы қоршаған ортаны ластағаны үшін 2 млрд теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2026
Flydubai әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды
3 наурызда Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Суррогат ана болу – мамандық па, мәжбүрлік пе?
Елімізде суррогат ана қызметі заңмен реттелген. Осыдан 10-15 жыл бұрын қазақ қоғамы бұл қызмет түріне тосырқай қарайтын болса, қазір сәби сүюге зар болып жүрген ерлі-зайыптылар үшін бірден бір мүмкіндікке айналып келеді. Дегенмен қоғамда «құрсағын жалға беретін» қыз-келіншектерді сынайтындар әлі де бар. Суррогат ана қызметі қалай жүзеге асады? Қыздар үшін бұл мамандық па мәжбүрлік пе? Egemen.kz тілшісі осы мәселеге қатысты зерттеу жүргізіп көрді.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Елорда әуежайында дабыл жүйесі іске қосылуы мүмкін
Бүгін, 2 наурыз күні Астана халықаралық әуежайында қауіпсіздік жүйелеріне жоспарлы техникалық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы әуе айлағының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Ресейден әкелінген қызанақтан вирус анықталды
Аталған жағдай Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы карантиндік фитосанитариялық бақылау және жүргізу барысында Ресей Федерациясынан әкелінген қызанақ тұқымдарының 130 қаптамасынан сынама алу барысында анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 27 Ақпан, 2026
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында 1 наурыз күні танымал хореограф, «GULDER» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың шығармашылық қызметіне 25 жыл толуына арналған «FLOW/АҒЫН» атты мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Ақпан, 2026
Астана әкімдігі 1,36 трлн теңгені қайда жұмсайды?
Астана қалалық мәслихатының 50-ші кезектен тыс сессиясында 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізілді. Сессияда 1,36 трлн теңге көлеміндегі қаржы қайда жұмсалатыны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.