Инфрақұрылым • Бүгін, 12:50

Астанада 15 автобус бағыты уақытша өзгерді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 15 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 15 автобус бағыты уақытша өзгерді

Уақытша өзгерістер Ж.Нәжімеденов пен А.Байтұрсынов көшелері аумағындағы жол инфрақұрылымына байланысты енгізілген.

Жаңа сызба бойынша №11, 32, 48, 57, 507, 21, 2, 3, 14, 60, 66, 503, 508, 50 және 75 бағытындағы автобустардың жүру маршруты өзгертілді.

Астанада бірқатар бағытта қосымша автобустар шығарылды

Осыған байланысты жауапты компания өкілдері жолаушыларға жаңартылған қозғалыс сызбасымен алдын ала танысып шығуды ұсынады.

Айта кетейік, бұған дейін елордада бірнеше аялдама атауы өзгертілген болатын.

Соңғы жаңалықтар