Өнер • Бүгін, 19:15

Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында ауқымды музыкалық флешмоб өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті

фото: Астана қаласы әкімдігі

Іс-шараға қала мектептерінен шамамен 2000 оқушы қатысып, бәрі бір уақытта күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін орындады.

күй

Оқушылар домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай, флейта және скрипка секілді ұлттық әрі классикалық аспаптарда өнер көрсетті. Қатысушылардың жасы 10 мен 16 жас аралығында болды.

күй

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – музыка арқылы ел бірлігін көрсету. Түрлі аспаптардың үні бір арнаға тоғысып, көпұлтты Қазақстанның татулығын бейнеледі.

күй

Оқушылар бұл күйді орындау кезінде туған жерге деген сүйіспеншілікті сезінгендерін айтты. «Алтын ұя» күйі Отанға деген сағыныш пен туған өлкеге құрметті білдіретін шығарма.

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте LRT салынуы мүмкін

Аймақтар • Бүгін, 19:34