ек
Банк • 11 Желтоқсан, 2025
S&P: Қазақстанның банк секторындағы тәуекелдер азайды
2025 жылғы 5 желтоқсанда S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның банк секторындағы салалық тәуекелдің даму үрдісін оң бағалады. Бұл өзгеріс соңғы бірнеше жылдағы реттеу мен қадағалаудың күшеюімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Желтоқсан, 2025
Елде мемлекеттік сервистерге қолжетімділік қиындай түсті: Министрлік себебін түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ережелерін күшейтті. Шаралар телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 10 Желтоқсан, 2025
Алматыда сирек кеселге шалдыққан науқастар 2026 жылы тегін дәрі-дәрмек алады
Бүгін Алматы қалалық мәслихатының ХХХIХ сессиясында депутаттар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын аурулар мен дәрілік препараттар тізімін кеңейтуде бір мәмілеге келді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
Президент «1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Астанада жеке сот орындаушы алимент төлемеген әкеден 196 млн теңге өндіріп алды
Астаналық жеке сот орындаушы Мейрам Әбдіков 10 жыл бойына алимент төлемеген азаматтан 196 млн теңгеден астам қаржыны қайтарып, рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Желтоқсан, 2025
Президент Ашхабад қаласына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 10 Желтоқсан, 2025
Жазушылар одағының төрағасы Нобель сыйлығының лауреатымен кездесті
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов Нобель сыйлығының лауреаты, Қытай жазушысы Мо Янмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан елдегі үш ірі ұялы байланыс операторының тарифтерін 20%-ға көтеру жоспарын сынап, бұл әрекеттің нарықтағы бәсекелестікті шектеу қаупін тудыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Өзгелерді кемсітіп сөйлейтін блогерлерге қылмыстық жаза қолдану керек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Әбдиев мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселелерді көтеріп, депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Екі өңірде оқушылар аязға байланысты онлайн оқуға ауыстырылды
10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай және Павлодар облысында бірінші ауысымдағы кейбір сыныптар сабақты қашықтан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Желтоқсан, 2025
Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды
Алматылық «Қайрат» пен гректің «Олимпиакосы» арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур матчына берілген бағалар жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Желтоқсан, 2025
Аустралияда 16 жасқа толмағандар енді әлеуметтік желілерге кіре алмайды
Әлемде алғаш рет Аустралия билігі кәмелеттік жасқа толмаған балалардың TikTok, YouTube, Instagram және Facebook сияқты ірі әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында қызметінен кеткенін мәлімдеді. Қызметінен кету себебін айтқан жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 09 Желтоқсан, 2025
Майк Тайсон Флойд Мейвезермен жұдырықтасады
Ауыр салмақ дәрежесінің даңқты өкілі Майк Тайсон ұзақ уақыт бойы талқыланған Флойд Мейвезермен жек-жекті келесі жылдың наурыз айында Африкада өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 09 Желтоқсан, 2025
Жемқорлықтың алдын алуда тәлімгерлік институтының маңызы ерекше - Дархан Жазықбай
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлері кеңесінің конференциясы өтті. Оған сала ардагері, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғамдық бірлестіктер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов: Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Премьер-министр: Әуе жүк тасымалы саласын цифрландыруды жеделдету қажет
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әуе жолдары арқылы тасымалданатын жүктерді халықаралық стандарттарға сай электронды құжат айналымына көшіруді жеделдету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2025
Ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған «Samga» байқауы өтті
Қоғамда әрбір жастың әлеуетін ашып, олардың шығармашылығын шыңдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда, Алматы облысы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған «Samga» облыстық өнер байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 09 Желтоқсан, 2025
Skills Enbek: Биыл 550 мыңнан астам азамат онлайн-оқуды аяқтады
Биыл жарты миллионнан астам азамат Skills Enbek онлайн-платформасында кәсіби дағдыларын жетілдіріп, сертификат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
Созақтағы серпіліс: Келешек мектептері – білім сапасының жаңа белесі
Созақ ауданында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды бастамалардың бірі – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған Ы.Алтынсарин атындағы 900 орындық жалпы білім беретін мектеп. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап өз жұмысын бастаған бұл білім ошағы бүгінде ауданның ең заманауи әрі мәртебелі мектептерінің біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 08 Желтоқсан, 2025
Салық реформасы: жаңа жылдан бастап өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Осыған байланысты шағын бизнеске қатысты салықтық әкімшілендіруді «жаңа таза парақтан бастау» жүргізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау форматы өзгерді
Қазақстанда білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жүйесі жаңарып, оның мазмұны түбегейлі өзгерді. Бұдан былай аттестаттау бақылау шарасы ретінде емес, оқу орындарындағы білім сапасын, қолжетімділігін және мемлекеттік стандартқа сәйкестігін кешенді бағалайтын тетік ретінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Желтоқсан, 2025
Иманбекке «Құрмет ордені» табысталды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында ел тарихында тұңғыш рет «Грэмми» жүлдесін алған музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Желтоқсан, 2025
Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Заңды өрескел бұзған 4 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті. Сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 4 судьяға тәртіптік жаза (2-еуіне ескерту, 2-еуіне сөгіс) қолданылды. Ал 3 судьяның әрекеттерінде тәртіптік теріс қылықтың болмауына байланысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 08 Желтоқсан, 2025
Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Елорда әкімдігі Тәуелсіздік күні аясында Астанада 80-нен астам мерекелік және ресми іс-шаралар өтетінін хабарлады. Оның ішінде дәрістер, концерттер, кездесулер, турнирлер және тағы да басқа шаралар бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Биыл біліктілікті арттыру курстарынан қанша мұғалім өтті?
Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту тұрғысында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Биылғы жыл басынан бері орта білім беру жүйесінің жалпы саны 91 мыңнан астам педагогі тегін біліктілікті арттыру курстарынан өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге шектеу енгізілуі мүмкін
Қазіргі баланың бос уақыты аулада асыр салып ойнаумен емес, әлеуметтік желідегі видеоларды сағаттап сырғытумен өтеді. Бүгінде елімізде әлеуметтік желілердің баланың психикалық дамуына, ұлттық құндылықтарды түсінуіне және мінез-құлқына әсер етуі алаңдаушылық тудырып отыр. Сол себепті 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін реттейтін заң жобасы әзірленді, деп жазады Egemen.kz.