Қысқы спорт • Бүгін, 10:12

«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтің спорттық мансабындағы төртінші олимпиада болды. Жылдар бойы төртжылдықтың басты бәсекесінің іріктеулерінен іркілмей өтіп, ел намысын абыроймен қорғап келе жатқан спортшы Миланда 1000 метр, аралас эстафета және 500 метр қашықтықта бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.

«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Абзал Әжіғалиев XXV қысқы Олимпиада ойындарын қорытындылап, осы жолы жанкүйерлердің қолдауын ерекше сезінгенін жазды. Сондай-ақ ол өзін футболдағы Марко Ройсқа теңеді. 

«Марко Ройс... Менің сүйікті Марко Ройсым тағы да чемпион атана алмады». Бәлкім, шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...

Мен үшін бұл төртінші Олимпиадам. Биыл қолдауды ерекше сезіндім: әлеуметтік желілерде жазылған жылы пікірлерді көрдім, түн ұйқысын қиып, таңға дейін отырып жарыстарымды тамашалап, жанкүйер болғандарыңызды білемін. Спортшы үшін бұл баға жетпес сезім. Баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын», деп жазды ол. 

Шорт-трекші Денис Никиша Олимпиадада 7-орынға тұрақтады

дд

Сондай-ақ шорт-трекші Олимпиада жолында қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтып, алдағы уақытта да өзі өнер көрсететін спорт түрін кеңінен насихаттауға күш салатынын жеткізді. 

«Мен көп жылдар бойы еліміздегі шорт-тректің дамуына өз үлесімді қосуға тырыстым. Алдағы уақытта да осы спортты Қазақстанда кеңінен насихаттай беремін. Бұл менің миссиям әрі жүрек қалауым. Болашақта еліміз осы спорт түрінен ең мықты мемлекеттердің қатарында болғанын қалаймын. Осыған жету үшін барымды саламын», деді Абзал Әжіғалиев.

Қысқы Олимпиада: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті

Сөз соңында спортшы шорт-трекке деген қызығушылық бәсеңдеп қалмаса екен деген тілегін атап өтті. 

«Сіздерге деген кішкентай ғана өтінішім бар: келесі Олимпиадаға дейін біздің спорт жайлы ұмытып кетпеңіздер. Алдымызда тағы төрт жыл, көптеген халықаралық жарыстар бар. Бәріне де қатысып, ел намысын абыроймен қорғауға тырысамыз. Командамызды қолдап жүріңіздер. Олимпиадада көргендеріңіздей, бұл – өте қызықты әрі тартысты спорт түрі», деп жазды шорт-трекші.

Олимпиада-2026: Шорт-трекшілер жарыс жолынан шығып қалды

Соңғы жаңалықтар