Фото: istockphoto.com
Жиында қала әкімінің орынбасары Ерік Мейрхан сөз сөйлеп, вакцинацияның қоғамдық денсаулықты сақтаудағы рөліне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, балалардың денсаулығы – баршаға ортақ жауапкершілік, ал вакцинация – қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы.
Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді
Сондай-ақ 2024 жылдан бастап елімізде қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатқаны айтылды. Бұл бастама жатыр мойны обырының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Бұдан бөлек, қазіргі таңда елордада және республика бойынша балалар арасында қызылша ауруының өсуі байқалып отырғаны атап өтілді.
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Дөңгелек үстелде мамандар Астанадағы жатыр мойны обырының таралу көрсеткіштері мен қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды талқылады. Сарапшылардың пікірінше, қыздарды АПВ-ға қарсы егу, балаларды қызылшаға қарсы уақытылы вакцинациялау және скринингтік тексерулерді күшейту – аурулардың алдын алудың нақты әрі тиімді тетігі.
Кездесу барысында вакцинацияға қатысты қоғамдағы мифтер мен қате түсініктер де қозғалды. Әсіресе АПВ-ға қарсы екпе жөніндегі әлеуметтік-мәдени кедергілер мен сенім мәселесіне назар аударылды. Қатысушылар халықпен ашық әрі жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
Енді қызылшаға қарсы вакцина міндетті: Астана ауруханаларына бала қабылдау ережесі өзгерді
Мамандардың айтуынша, вакцинация – болашаққа салынған инвестиция. Уақтылы жүргізілген иммундау қауіпті инфекциялардың таралуын тежеп, келешек ұрпақтың денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.